Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3274 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 03:18

Ермұрат Бапи. Қарашұнақ

Жылда жеңіс күні таяған сайын, бұдан 20 жыл бұрын бастаған жазбам еске түседі. Жазылып бір бітпеді. Уақыт тапшы - қолға алынбай жатқанына да екі-үш жыл болды. «Әттең-ай!» - деуден басқа қайран жоқ.

Сондағы жазбағым Қарашұнақтың тарихы еді.

Тарбағатай мен Маңырақ таулары төңірегін мекендеген жұрт Қарашұнақты «банда» дейтін. Зайсан өңіріндегі білетіндер еске алса, оның әскерін күні бүгінге дейін «Қарашұнақтың бандасы» дейді. Білмегеннен айтады.

Қарашұнақ - біз «Отан соғысы» деп жүрген соғыстан қашқан адам. Ерттеулі аттың үзеңгісінен асар-аспас бойы мен бір құлағының сырғалығы кем болған соң, Жәнделі деген ныспысы ұмытылып, Қарашұнақ аталып кеткен ғой. Соғысқа дейін аңшы бопты. Аңшы болғанда да, құралайды көзге атқан мерген болған. Біздің бала кезімізде оның мергендігі айтылып бітпес аңыз еді.

Сол Қарашұнақ Қарабұлақ ауылының төрт-бес жігітін өзінің «бандасына» ертіп бара жатқанда, колхоз төрағасы Оспан шал артынан қуып келіп: «Әй, Жәнделі, жігіттердің обалына қалма! Отанын қорғауға барсын!» - демей ме. Сонда Қарашұнақ: «Мың жыл болған қазақты жиырма жылғы орыстың советі «халық жауы» деп қырып тастаса, сол - отан боп па, солай десеңдер - барыңдар, қорғаңдар отандарыңды!» - деген екен. Жігіттер Қарашұнақпен бірге кетіпті.

Расында, сондағы жас жігіттердің әкелері колхоздастырудан тақыр кедей болып, кейіннен атылып кеткенін ескерсек, оларға «совет» отан боп жарытып па еді?!! Қарашұнақтың сөзінде қисын жоқ деп айта алмайсың.

Сөзі де мергендігі сияқты мірдің оғындай Қарашұнақтың «бандасында» отызға толар-толмас қана адам болған. Қарапайым қазақтың шырқын алмаған. Керісінше, аузынан жырып, барлық тапқан-таянғанын соғысқа жөнелтіп жатқан қазаққа қарайласып тұрған екен.

Бірде Жарсу ауылынан Зайсанның бір пұшпағындағы Тұғыл пристаніне жүк апара жатқан керуенді тоқтатып, апиын артқан екі арбаны алып кетіпті. Сонда өңшең әйел керуеншілердің басшысы болған менің әжеме Қарашұнақ: «Динәзәйіп, апиын - ас емес, Қытайға апарып, шай мен қантқа айырбастап әкеп берем, кемістігін маған жаз!» - депті.

«Әкеп берді ме?» - деп сұрағанымда әжемнің: «Әкеп бергенде қандай, бүкіл ауылды қарық қылып кететін», - дегені бар.

Әжемнің әңгімесінен тағы бір естігенім: Маңырақтың малшылары НКВД-ның азық жинаушылары мен санақшылары соттатып жібере ме деп аш отырса да, арам өлген қойдың да етін жеуден қорқады екен. Сонда түнделетіп суыт келіп кететін Қарашұнақ: «Бір арқарды атып, судың басына тастап кеттім, көршілеріңмен бөлісіп алыңдар», - дейді екен.

Біздің жақта «арқармен асыраған» деген сөз қалдырған сол Қарашұнақты НКВД-ның екі бөлімше әскері Кеңсайдың шоқысы деген жерде қоршауға алады. Сонда суырдың ініне тығылып жатып атысқан шынашақтай мерген өзін қоршап алған әскерге қаратып айғайлапты: «Қазақтар, бастарыңды көтермей жатыңдар, ал советтерді құрдың қоразындай ғып қырамын!» - деп. Расында, сол атыстан кейін 20 солдаттан алты қазақ қана Зайсанға аман қайтқан екен. Ал Қарашұнақ сол күні түнделетіп, Қытайға өтіп кетеді.

«Бұл Ермұрат бұның бәрін неге былжыратып отыр?!» - деуі мүмкін, саясаттан сөз аңдыған оқырман. Саясаты сол - Қытай жерінен Қарашұнақты ұстап әкеліп, НКВД-ға тапсырған -өзіміздің қазақтың екі жігіті. Олар советтің «чекисі» болған ғой. Соғыс жылдарында айналадағы ауылдардың аш қазағын асыраған мергенді таба алмадық деп қайтса, жүрген іздерін кім аңдыр еді?!

Бұл 1948-ші жыл болатын. Қарашұнақ атылып кетті.

...Алматының іргесіндегі Думан ауылында жер сұрап, ереуілге шыққан қазақты қойдай тоғытып, түрмеге тығып жатқан қазақ полицайларын көргенде, бұл қазақ сол 48-ші жылдан бері қаншалықты өзгерді деймін ғой.

Ал сіз айтасыз: «Жеңіс! Жеңіс!» - деп.

Кімді жеңдік, неден жеңілдік?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 16 (99) 04 мамыр 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364