Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
4823 5 пікір 3 Қаңтар, 2019 сағат 10:17

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен орташа жалақы өседі. Бұл туралы премьер-министрдің сайты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы жолдауындағы тапсырмасына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді елдегі ең төменгі жалақы 42500 теңге (бұрын - 28 мың теңге) болады. Мемлекеттік мекемелер мен бюджет қызметкерлерінің айлығы 35 пайызға көбейеді.

Үкіметтің хабарлауынша, елде ынтымақты зейнетақы 7 пайызға, базалық зейнетақы 5 пайызға өседі. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі ынтымақты зейнетақы - 36 108 теңге, ең төменгі базалық зейнетақы - 16 037 теңге болады. Ал міндетті зейнетақы аударымдарын енгізгенге дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтар үшін ең төменгі зейнетақы 52 145 теңгеге жетеді.

Қазақстанда жалақы көбейгенде әдетте халық көп тұтынатын тауар мен азық-түлік бағалары қымбаттап кетеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1504
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3117
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1112
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1040