Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3411 1 пікір 3 Қаңтар, 2019 сағат 10:24

АҚШ Мәскеуде ұсталған америкалықты босатуды талап етті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресейден Мәскеуде ұсталған америкалық Пол Уиланды тез арада босатуды талап етті. Помпео сонымен бірге АҚШ азаматының ұсталуының себебін білгісі келетінін айтқан.

Уилан ФСБ қызметкерлері тарапынан 28 желтоқсанда ұсталған. Оған қарсы шипондық жасады деген қылмыстық іс қозғалған. Бұл іс бойынша айыбы дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ресейдің сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні Уиланға америкалық консул өкілдерін жібергенін мәлімдеді.

БАҚ мәліметі бойынша, 48 жастағы Пол Уилан BorgWarner деп аталатын америкалық компанияда жұмыс істеген. Бұл компания көлік бөлшектерін шығарады. Уилан қауіпсіздік жөніндегі директор болған. Уилан сонымен бірге отставкадағы теңіз жауынгері. Ол Иракта екі рет әскерде болған, бірақ ұрлығы үшін, қызметінен босатылған.

Уиланның туыстары оның барлауы ісімен байланысы бар дегенді теріске шығарады. Ол Мәскеуге досының үйлену тойына барған екен. The Washington Post газеті Уиланның орыс тілінде еркін сөйлеуі мүмкін екенін, 2007 жылы Ресейге жиі барғанын жазады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 634
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2659
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2483
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1555