Сенбі, 23 Қараша 2024
3604 1 пікір 4 Қаңтар, 2019 сағат 12:43

Биыл құрылатын жаңа әуе компаниясының тарифтері екі есе арзан болады

«Fly Arystan» жаңа әуе компаниясының алғашқы тасымалдары биылғы мамыр айына жоспарланып отыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің сөзіне қарағанда, Алматы мен Астана рейсінің бағасы 14-16 мың теңге шамасында болады. Сонымен қатар, бұл әуе компаниясы жаңа ұшақтармен қамтамасыз етілмек. Бұл бағыттағы қаржылық шығындарды компания өз есебінен жүзеге асырады.

Бұдан бұрын хабарланғандай,  2019 жылы «Эйр Астана» FlyArystan қолжетімді әуе компаниясын іске қосады. Жаңа әуе компаниясы Easyjet, Indigo, Cebu Pacific, Air Asia халықаралық лоукостерлерінің үлгісі бойынша арзан модельде жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетсек, 2 қарашада Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Эвансты және «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдаған болатын. Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Эйр Астана» базасында бюджеттік әуе компаниясын құруды тапсырды.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369