Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2633 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 20:07

Кәмшат ТАСБОЛАТ. Тіл туралы заңымызға 20 жыл толса, оның жүзеге асуына 100 жыл қажет пе?

 

 

Биыл Қазақстан мен бірқатар Орталық Азия елдері жергілікті Тілдер туралы заңдарының 20 жылдығын атап өтеді. Дәл осыдан 20 жыл бұрын, 1989 жылы Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан өздерінің ұлттық тілдерін мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізсе де, Кеңес Одағы үкіметінің қысымымен орыс тіліне «КСРО халықтарының ұлтаралық қатынас тілі» деген статусты бекітіп беруге мәжбүр болды. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзге де ТМД және Балтық жағалауы елдері сияқты Өзбекстан 1995 жылы тиесілі заңға өзгерістер енгізіп, «ұлтаралық қатынас тілінің» мәртебесін алып тастады.
Өзбек-қырғызда – Мемлекеттік тіл туралы заң,қазақта – Тіл туралы заң...
1989 жыл. Кеңес одағы. То¬та¬ли¬тарлық режимнің әлі де бұл¬қа¬нып, уысында ұстап отырған ха¬лық¬тарды үрей мен қорқынышқа ду¬шар еткен кезең. Сол кездің өзін¬де Өзбекстан мен Қырғызстан жер¬гілікті тілдерге басымдық беріп, «Мем¬лекеттік тіл туралы» заң¬да¬рын қабылдады. Өзбекстанның «Мемлекеттік тіл туралы» заңы 1989 жылдың 21 қазанында қабыл¬дан¬са, Қырғызстанның «Қырғыз ССР-індегі Мемлекеттік тілі ту¬ра¬лы» заңы сол жылдың 23 қыр¬кү¬йегінде бекітілді. Әрине, қазақтар қыр¬ғ¬ыз бен өзбектен аз ғана ерте «Тіл¬дер туралы заңын» қабыл¬да¬ғаны рас. Қызығы сол, «Қазақ ССР-нің Тілдер туралы» заңы 1989 жыл¬дың 22 қыркүйегінде бекітілсе де, іс жүзінде өз күшіне 1990 жыл¬дың 1 шілдесінен бастап енді. Со¬ра¬қысы сол, біз тәуелсіздік ал¬ған¬нан бері 20 жыл бойы «Мем¬ле¬кет¬тік тіл туралы» заң қабылдаймыз деп нәтижесіз мәселені созбалап кө¬теріп келсек, біздің қос көр¬ші¬міз «Мемлекеттік тіл туралы» заң¬да¬рын Кеңес одағының тұсында қа¬былдап кеткен. Яғни, оларда біз¬ден гөрі бір проблема кем. Біз тіл деп басымызды қатырып жат¬қанда, бауырлас елдер ұлттық тіл¬де¬рін тек қана күшейтумен келеді.
Әрине, бүгінгі таңда Өз¬бек¬стан¬ның тіл саясаты қазаққа да, қыр¬ғызға да үлгі. Осыдан 20 жыл бұ¬рын қабылданған «Өзбекстан Рес¬пуб¬ликасының Мемлекеттік тіл ту¬ралы» заңы 1995 жылы қайта ре¬дак¬цияланып, 2004 жылы өз¬герістер мен толықтыруларға ие бо묬ды. Мәселен, аталған заңның 1989 жылғы нұсқасының 1-ба¬бын¬да: «Өзбекстан Республикасының мем¬лекеттік тілі болып өзбек тілі та¬нылады. Өзбекстан Респуб¬ли¬касы өзбек тілінің саяси, әлеу¬мет¬тік, экономикалық және мәдени өмі¬рінде жұмыс істеп, дамуын қам¬тамасыз етеді» дей келе: «Өз¬беꬬстан Республикасы КСРО ха¬лық¬тарының ұлтаралық қатынас ті¬лі орыс тілінің дамуы мен еркін па鬬даланылуы үшін бар жағдай жବсайды» деген. Ал аталған заң¬ның 1995 жылғы редакциясында бос сөздердің бәрі алынып тас¬та¬лып, онда бір ғана маңызды мәселе қам¬тылған: «Өзбекстан Респуб¬ли¬к¬асының мемлекеттік тілі – өзбек тілі». Оларда біздікіндей «КСРО-ның ұлтаралық қатынас тілі» ав¬томатты түрде «тәуелсіз респуб¬ли¬каның ұлтаралық қатынас тіліне», мұ¬ның артынша «ресми тіл» ста¬ту¬сына ие болмады. «Екі қошқардың ба¬сы бір қазанға сыймайды» – де¬мекші, қазірше Қазақстанның «тіл¬дік қазанында» әлсіз қошқарды күш¬ті қошқар сүзгілеумен келеді...
Қазақстанның «Тіл туралы» за¬ңына 1997 жылдың 11 шілдесінде тиесілі өзгерістер мен толық¬ты¬ру¬лар ен¬гізілсе де, жалпы соңғы өз¬ге¬ріс¬тер 2007 жылы толық қамтылса да, бұл заң шын мә¬нін¬де бір қо¬лы¬мен мемлекеттік тілді қо묬дай оты¬рып, екінші қолымен орыс тіліне мем¬лекеттік тілмен бір¬дей ба¬сым¬дықтар береді. Бір мы¬сал, тиесілі заң¬ның 4-бабы мем¬лекеттік тіл¬дің мәр¬тебесін ай¬қын¬дайды: «Қа¬зақ¬стан Респуб¬лика¬сы¬ның мем¬лекет¬тік тілі – қазақ тілі. М¬ем¬ле¬кеттік тіл – мемлекеттің бү¬кіл ау¬мағында қо¬ғамдық қатынас¬тар¬дың бар¬лық са¬ласында қолда¬ны¬латын мем¬ле¬кет¬тік басқару, заң шы¬ғару, сот ісін жүр¬гізу және іс қа¬ғаз¬дарын жүр¬гізу тілі». Бірақ мем¬лекет қазақ ті¬лінде бас¬қарылып жа¬тыр ма? Қа¬зақ ті¬лін¬де қанша заң шығарылды? Фут¬бол тілімен айт¬сақ, қазірше есеп орыс тілінің ұпа¬йында 2:3000. Кей¬бір деректерге сен¬сек, осы күнге дейін ресми тілде 3 мыңнан ас¬там заң қабылданған. Зия¬лы қа¬уым өкілдерінің айтуын¬ша, бүгінде «қа¬зақ тілінде қабыл¬дан¬ды» деген заң¬ның аты бар да, заты жоқ. Ал сот істері толыққанды мем¬лекеттік тіл¬де жүргізіліп жатыр ма? Отан¬дық заңгерлердің ай¬туынша, бәрі де сот органдарына бе¬рілген талап-арызға барып тіре¬леді. Өкінішке қа¬рай, талап-арыздың орыс тілін¬дегі нұсқалары оңай болған соң, құ¬жатты қабыл¬дау¬шылардың өз¬дері орыс тіліндегі үл¬гілерді арыз¬да¬нушыларға ұсы¬на¬тын көрінеді. Мем¬лекеттік тіл – іс қағаздар тілі ме? «Мемлекеттік тілге әне кө¬шеміз, міне көшеміз» деп жүр¬ген ме¬кендер тағы бар, ал көш¬кендері құ¬жаттың сапа мәселесіне на¬зар ау¬дармайды... Ал мұның бә¬ріне бір ға¬на бап жауапты. Бы¬лайша айт¬сақ, мемлекеттік тілдің кө¬сегесін кө¬герткісі келетін 4-бап¬тың бетін орыс тілін қолдайтын 5-бап қай¬та¬ра¬ды! Бұл нонсенс!
«Тіл туралы Заңның» 5-бабы «Орыс тілін қолдану» деп жеке-да¬ра айшықталған. Біздің зиялы қа¬уым өкілдері мен бірқатар де¬пу¬таттардың наразылығын туғызып отырған да осы бап. Онда былай де¬лінген: «Мемлекеттік ұйымдарда жә¬не жергілікті өзін-өзі басқару ор¬гандарында орыс тілі ресми түр¬де қазақ тілімен тең қолда¬ны¬ла¬ды». Бұдан кейін күні кеше «КСРО-ның ұлтаралық тілі» боп кел¬ген тілге бір емес, бірнеше бапта ба¬сымдық беріледі. «Тіл туралы» заң¬ның 8-бап, 9-бап және 10-бап¬тарын сараптап көрсеңіз, сырт көз¬ге мұны өз заманында Ресейге қат¬ты жалтақтаған депутаттар қа¬былдаған сияқты көрінеді.
«Тіл туралы» Заңның 8-бабы. Тіл¬дердің қолданылуы.
«Мемлекеттік тіл Қазақстан Рес¬публикасы мемлекеттік орга¬н¬да¬рының, ұйымдарының және жер¬гілікті өзін-өзі басқару орган¬да¬рының жұмыс және іс қағаз¬да¬рын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады».
9-бап. Мемлекеттік органдар ак¬тілерінің тілі.
«Мемлекеттік органдардың ак¬тілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қа¬былданады, қажет болған жағ¬дай¬да, мүмкіндігінше, басқа тіл¬дер¬ге аударылуы қамтамасыз етіле оты¬рып, оларды әзірлеу орыс ті¬лінд¬е жүргізілуі мүмкін».
10-бап. Құжаттама жүргізу тілі.
«Қазақстан Республикасының мем¬лекеттік органдары жүйесінде, ұйым¬дарында, меншік нысанына қа¬рамастан, статистикалық-есеп, қар¬жы және техникалық құ¬жат¬тама жүргізу мемлекеттік тілде жә¬не орыс тілінде қамтамасыз еті¬леді».
Қарап отырсаңыз, аталған бап¬тарда орыс тіліне «мүмкіндігінше», «қа¬жет болған жағдайда» басым¬дық беру арқылы шынтуайтында мем¬лекеттік тілдің тынысы тары¬лып отыр.
Осындай «алпауыт» баптардан ке¬йін қалайша мемлекеттік тіл да¬мымайды деп таңданамыз? Тиесілі заң Кеңес Одағында 70 жыл бойы та¬мыр жайып үлгерген, ал тәуел¬сіз¬діктен бері 20 жыл бойы өз дең¬ге¬йінде мемлекеттік органдарда да¬мып жатқан орыс тіліне осы¬лай¬ша басымдық берілген. Кезінде бізг¬е сұхбат берген білікті заңгер Қа¬былсаят Әбішев мұндағы бар мә¬селенің бір-ақ бапқа, жоғарыда ай¬тылған 5-баптағы: «Мемлекеттік ұйым¬дарда және жергілікті өзін-өзі бас¬қару органдарында орыс тілі рес¬ми түрде қазақ тілімен тең қол¬да¬нылады» деген мәселеге тіреліп тұр¬ғанын айтқан еді. Заңгердің ай¬туынша, дәл осы бап алынып тас¬та¬л¬са, бәрі өз орнына түсіп, ме¬м¬лекеттік тіл өз тұғырына жетеді. Бұл баптың артынша, одан туын¬дай¬тын өзге де баптар күшін жоюы тиіс. Яғни «Тілдер туралы» за¬ңы¬мыз нағыз «Мемлекеттік тіл ту¬ра¬лы» заң боп шығады.
Ал «Мемлекеттік тіл туралы» ар¬найы заң қабылдауды қол¬даушылардың бірі Мәжіліс де¬путаты Алдан Смайыл бізге берген сұх¬батында осы күнге дейін әртүрлі қо¬ғамдық ұйымдар мен жастар бір¬лестіктерінің бастамасымен «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның үш бірдей нұсқасының дайын¬дал¬ғанын жеткізген еді. Бұл орайда ол: «Үкімет басшысы Әділет ми¬нистр¬лігі мен өзге де тиесілі құ¬ры¬лым¬дарға «Мемлекеттік тіл ту¬ралы» арнайы заң жобасын да¬йын¬дау жөнінде тиісті тапсырма бер¬ген болатын. Біздің талабымыз – бұл заң жобасының өте сапалы, то¬лыққанды дайындалып шы¬ғуын¬да. Біз өз кезегімізде оны қарап, то¬лықтыруға тырысамыз» – деп мә¬лім¬деген.
Ең сорақысы, Қазақстан биыл 1 маусымда «Тілдер туралы» за¬ңы¬ның күшіне енгеніне 19 жыл, ал 22 қыр¬күйекте заңның қабыл¬дан¬ға¬нына 20 жыл толуын атап өтсе де, тіл саласында 20 жыл түгілі 2 жылғ¬а татитын нәтижелермен мақ¬тана алмайды. Тіл мәселесі – қа¬зақ¬тың жан жарасына айналды. Еш¬кім де тіл мәселесін көтер¬ген¬дер¬ді «ұлтшылсың» деп айыптай ал¬мас. Бірақ 67 пайыздан асқан қа¬зақ ұлты тіл мәселесінің ше¬ші¬луін талап етеді. Әлеу¬мет¬та¬ну¬шылардың айтуынша, соңғы жыл¬дары ел ішіндегі ұлтшылдық та кең өріс алуда. Бұл тұста Қазақ мемле¬ке¬тінің иесі, қожасы – қазақ халқы өз ана тілінде сөйлеп, биліктен қа¬зақша заңдар мен есеп алуға құ¬қылы. Тіл жанашыры Мұхтар Ша¬ха¬нов айтпақшы, биліктен тілге қа¬тысты таңертең бір ауыз тапсырма бе¬рілсе, түс қайта бүкіл Қазақстан, әкімдіктер мен министрліктер, құ¬зырлы орындар мен қоғамдық са¬лалар мемлекеттік тілде сөйлеп-ақ кетеді. Тек қазақ тіліне тұңғыш рет мем¬лекеттік тіл статусын сыйлаған «Тілдер туралы заңымыздың» 20 жыл¬дығын нәтижесіз, өкінішті жағ¬дайда қарсы алып жат¬қа¬ны¬мыз – елдігімізге сын. Келер ұрпақ мұ¬ны кешпейді.

 


Кәмшат ТАСБОЛАТ
«Айқын» газеті, 11 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659