Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
5137 0 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 11:59

«Turkistan» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

«НҰР-Медиа» Холдингінің құрамына кіретін «Turkistan»  халықаралық газетінің ұжымына жаңа бас редактор таныстырылды.

Бұл қызметке бұған дейін бірқатар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық еткен 33 жастағы Қуат Әуесбай тағайындалды. Еңбек жолын «Ана тілі», «Айқын» газеттерінен бастаған ол, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің, сондай-ақ, латын графикасында шыққан тұңғыш республикалық "TIL-QAZYNA" ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.

«Turkistan»  - 1994 жылдан бастап қазақ тілінде шығатын белді халықаралық газет. Апталық жазылу арқылы Қазақстан аумағында, Ресей Федерациясында және Қырғызстанда таралады. Басылымның онлайн нұсқасы www.turkystan.kz кириллица, латын және араб қаріптерінде жұмыс істейді.

Сонымен бірге «НҰР-Медиа» Холдингіне «Астана» телеарнасы, «NS» радиосы, «Оrda FM» радиосы, «Айқын», «Литер» республикалық газеттері және «Қазақстан Теміржолшысы» салалық басылымы кіреді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1131
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1568