Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
5043 8 пікір 11 Қаңтар, 2019 сағат 11:19

Ресейдің зымыраннан қорғаныс спутнигі әуеде жанып кетті

Ресейдің "Око" зымыран шабуылын ескерту жүйесіне жататын "Космос-2430" спутнигі атмосферада жанып кетті. Бұл туралы ТАСС Солтүстік Америка әуе-ғарыш қорғанысы қолбасшылығына (NORAD) сүйеніп хабарлады.

NORAD мәліметі бойынша, спутник орбитадан шығып, атмосферада жанып кеткен. Оның жанбаған қалдықтары Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне 5 қаңтарда құлаған болуы мүмкін.

Жексенбі, 6 қаңтарда Radio New Zealand сайты Жаңа Зеландияның Солтүстік аралдарында аспаннан жарқыраған нысан байқалғанын хабарлады. Ол Ресейдің әскери спутнигі болуы мүмкін деген болжам жасалды. Нысан суреттерін әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған.

"Космос-2430" 2007 жылы 23 қарашада Плесецк ғарыш айлағы арқылы "Молния-М" зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылған. Ол 2012 жылға дейін жұмыс істеп тұрған, деп хабарлады "Интерфакс".

Қазір Ресей зымыран шабуылынан қорғанудың жаңа жүйесін жасақтап жатыр. Оны атқаратын "Тундра" спутниктерінің алғашқысы 2015 жылы орбитаға шығарылған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1550
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3162
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1159
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1079