Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
3477 0 пікір 14 Қаңтар, 2019 сағат 10:36

Қырғызстан Ресейдің әскери-техникалық көмегінің алғашқы партиясын алды

Қырғызстанда 15 қаңтарда Ресейдің әскери-техникалық көмегін тапсыру салтанаты өтеді. Бұл туралы Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі хабарлады.

Әскери-техникалық көмек екі ел үкіметтерінің "Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу аясында техникалық көмек беру туралы" келісіміне сай беріледі.

Өткен жылы 15 желтоқсанда Қырығызстанның кеден шекарасын техникалық жабдықтауға қажетті алғашқы өнімдер партиясы жеткізілген. Онда 123 автомобиль және инженерлік техника бар. Бұған қоса бұрғылауға арналған екі құрылғы беріледі.

Техникалық көмектің екінші партиясы биыл алғашқы тоқсанда жеткізіледі деп жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір