Сенбі, 23 Қараша 2024
3675 0 пікір 16 Қаңтар, 2019 сағат 10:43

Мирзияевтің Еуропаға сапары қарсаңында Өзбекстанда Facebook пен YouTube ашылып тұр

14 қаңтардан бері Өзбекстанда Facebook, YouTube және Вконтакте әлеуметтік желілері ашылып тұр.

Өзбекстандағы ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұған дейін Өзбекстанда бұғаттаулы болған мессенджерлер мен видеохостинг VPN-қосымша және прокси-серверлерсіз (анонимайзерлер) жұмыс істеп тұр.

Әлеуметтік желілерге еркін кіруге болатынын барлық интернет-провайдер тұтынушылары растады. Соған қарағанда, әлеуметтік желілерді кезінде барлық провайдерлер бір уақытта бұғаттаған болуы керек. Соған қарамастан тұрғындар VPN және прокси-сайттар қолдануды үйреніп, бұғатталған сайттарға кіре алды.

Айта кетерлік жайт, елдегі ірі мемлекеттік ақпарат агенттіктері мен министрліктерде Facebook және YouTube ешқандай VPN мен анонимайзерсіз ашылып тұрған.

Өзбекстанда Facebook желісі өткен жылы күзде ашылмай қалды. Одан соң YouTube ашылуды қойды.

20-22 қаңтарда президент Шавкат Мирзияев Германияға сапармен барады. Бірқатар қолданушылар елдегі мұндай өзгерістерді осы сапармен байланыстырып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475