Сенбі, 23 Қараша 2024
6246 7 пікір 17 Қаңтар, 2019 сағат 16:18

Ақын Жүрсін Ерманның бестомдығы жарық көрді

Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы  Жүрсін Ерман Молдашұлының бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

Бұл көп томдық  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  басылып шықты.

Ақынның бұған дейін  «Жанартау», «Арайлы күн, армысың!», «Ұлытауға бардың ба…», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құстың көлеңкесі», «Ырғай», «Арнадым сізге», «Көктөбедегі кездесулер», «Алыстан және жақыннан», «Асыл Ажар», «Ұларың қайда Ұлытау» атты кітаптары жарық көрген.

Аталған бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасында 25 қаңтар күні сағ: 15:00 -де өтеді.

Аbai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458