Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4474 10 пікір 18 Қаңтар, 2019 сағат 12:33

Туған жердің аңын аш болмай ату - туған жерге деген қиянат

Қазақстанда заңсыз ау салынбаған көл, балығы ауланбаған өзен, архары атылмаған тау, киігі мүйізі қағылмаған дала, терісі сыпырылмаған аң қалмады-ау. Ақша үшін, құлқының қамы үшін тау мен тасты аралап қырып жатыр, қырып жатыр. Байы да, кедейі де атып жатыр, атып жатыр. Байлар қызық үшін, кедейлер ақша үшін Отан анасының тағы перзенттерін аяусыз аулауда.

Биік мінберден туған жерді сүюді, отанды құрметтеуді насихаттайтын кей дөкейлер демалыс күні құралайды атып, қасқырды қызық үшін соғып келетіні бар.
Құдаларының алдында туған жерінің табиғатын айтып мақтанатын қарапайым қазақтың кейбірі, қыста ұйықтап жатқан борсықты қазып алып, пана іздеген елікті жығып алатыны тағы бар.
Жануар төлдейтін кезеңде мылтық атып, құс балапан басар сәтте тұзақ құрып, балық уылдырық шашар сәтте ау салатын қаскөйлер жетерлік.

Неге? Өйткені бізді заң солқылдақ. Туған жердің аңын аш болмай ату - туған жерге деген қиянат. Ондайларды қатаң заңмен жазалау керек. Өзеннен екі шабақ ұстағанды соттап, теңізден тонналап бекіре алғанды жібере салу тоқтамай, қорықшыларды өлтіру де тоқтамақ емес.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434