Сенбі, 23 Қараша 2024
2978 1 пікір 22 Қаңтар, 2019 сағат 09:15

Роскомнадзор Facebook пен Twitter'ге қарсы іс қозғады

Роскомнадзор Facebook пен Twitter'ге қарсы әкімшілік іс қозғады. Аталған әлеуметтік желілер ресейліктердің жеке мәліметтерін қалай сақтайтыны туралы ақпарат бермеген.

Мекеме өкілінің айтуынша, америкалық компаниялар олардың сауалдарына "жалпылама жауап" берген. Онда Ресей заңдарын орындауға қатысты нақты жауап болмаған, мәліметтердің болашақта қалай пайдаға асатыны туралы мәлімет берілмеген.

Роскомнадзордың баспасөз қызметі ақпарат бермеу туралы бап бойынша іс қозғалғанын "Медуза" басылымына растады. Бұған дейін мекеме жеке мәліметтерді сақтау туралы мемлекеттік органдарға ақпарат бермегендерге бес мың рубльге дейін айыппұл салынатынын ескерткен еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434