Киев халықаралық институты жүргізген әлеуметтік сауалнама бойынша Украина президентіне кандидаттардың арасында қазір Тимошенко - фаворит.
Юлия Тимошенко Днепрде туған. 1997 жылы алғаш рет Жоғарғы Радаға депутат болып сайланған. 1999-2001 жылдар аралығында Украина премьер-министрінің орынбасары болған және Ресеймен газ мәселелері жөнінде келіссөз жүргізген. 2004 жылы Виктор Ющенко екеуі "Қызғалдақ революциясын" ұйымдастырды. 2005 жылы ақпаннан қыркүйекке дейін Украина үкіметін басқарды.
Ол - ТМД елдері арасында тағайындалған тұңғыш әйел премьер-министр. Бірақ Виктор Янукович президент болып сайланған соң 2011 жылы "Ресеймен газ шарттарын жасау кезінде қызметін асыра пайдаланды" деп айыпталып, 7 жылға сотталды. 2014 жылы билік ауысқан соң Жоғарғы Рада Тимошенконы босатты.
Украинада президент сайлауы биыл 31 наурызда өтеді. Бұған дейін е шоумен Владимир Зеленский, Радикалды партия басшысы Олег Ляшко, Львов мэрі Андрей Садовый сайлауға түсуге дайын екендерін айтқан.
Қазіргі президент Петр Порошенконың сайлауға түсу-түспеуі әлі белгісіз.
Abai.kz