"Жедел жәрдем" қыста ауылға жете ала ма?
Бұл сауалды жақында Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға арналған жиналыста Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкіліне жолдадым.
Өйткені, әсіресе, қысы қатты солтүстік өңірлерде боранды күндері шалғайдағы ауылдарға баратын автомобиль жолдарын қар басып қалып, оларға аудандардың орталықтарынан шыққан «Жедел жәрдем» машиналары дер кезінде жете алмай жатады. Соның салдарынан кейде ауыр науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсетілмей, олардың қайтыс болу фактілері орын алып жүргені мәлім.
Осыған орай жергілікті жерлерде қысқы кезеңде «Жедел жәрдем» қызметі мен автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға жауапты ұйымдардың жұмысын үйлестіру қажеттігі анық.
Кәрібай Мұсырманның facebook парақшасынан
Abai.kz