Жұма, 22 Қараша 2024
3925 0 пікір 28 Қаңтар, 2019 сағат 09:28

Өзбекстанда 100 мың сумдық банкнот шығарып жатқан құрылғы істен шыққан

Өзбекстанда ұлттық валютаны және өзге елдің ақшасын қайта басып шығаратын екі құрылғы істен шыққан.

Осы процеске тікелей қатысы бар шенеунік техниканың бұзылуына ақша басып шығаратын фабрика орналасқан Ташкенттегі Юнусабад ауданында электрдің жиі сөнетіні себеп болды деп хабарлайды. Енді бір шенеунік 2000 жылдың басында шетелден әкелінген жабдықтың әбден ескіргенін айтады.

Өзбекстанның Орталық банк жанындағы "Мемлекеттік белгі" өндіріс бірлестігі мұның бәрі дақпырт сөздер деп мәлімдеді.

Осыған дейін Наурыз мейрамына дейін Өзбекстанда 100 мың сумдық купюра айналымға шығатыны хабарлаған. 16 қаңтарда ел парламенті банкноттың жаңа үлгісі мен дизайнын қабылдаған. Енді бұл құжатқа ел президенті қол қоюы керек.

"Қазір қоймада 100 мыңдық купюралар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Оларды тек президент әкімшілігіндегі қызметкерлерге ғана береді. Қазір ақшаны басып шығаратын екі бірдей техника бұзылып тұр. Бұл үлкен жанжалға айналуы мүмкін", – дейді шенеунік.

Ақша шығаратын бір машинканың құны - 3 млн еуро.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318