«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2011 жылдың 1-ші тоқсанындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындылары туралы хабарлайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ ҰК) 2011 жылдың 1-ші тоқсанындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындылары туралы хабарлайды.
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 5,4 млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 2 пайызға артық.
Мұнайды магистралды құбыр желілері арқылы тасымалдау 16,4 млн.тоннаны құрады. Мұнайды теңіз флотымен тасымалдау 11 пайызға өсіп, көлемі 2 млн.тоннаға жетті. Мұнайды магистральді құбырлармен тасымалдаудағы жүк айналымы 10,8 млрд. тонна-километрді құрады, бұл 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9 пайызға артық.
Есепті кезеңде 25,5 млрд.текше метрден астам газ тасымалданды, бұл 2010 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 1 пайызға артық.
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында ҚМГ ҰК компаниялары тобында (The Rompetrol Group-ты қоса есептегенде) 3,6 млн. тонна мұнай өңделді.
Аудиттелмеген алдын ала мәліметтерге қарағанда, ҚМГ ҰК шоғырландырылған табысы 2011 жылдың бірінші тоқсанында 621 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 18 пайызға артық.
Шоғырландырылған табыс 118 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың есепті кезеңінен 78 пайызға артық.

Еліміздің бюджетіне 111 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер төленіп, 2010 жылғы деңгейден 9 пайызға артты.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының сатып алудағы жалпы көлемі 951 млрд. теңгені құрады, бұл ретте қазақстандық үлес - 38%, немесе 362,5 млрд. теңге болды.
Сонымен бірге жалпы көлемі 587 млрд. теңгеге сатып алынған тауарлардың ішінде қазақстандық жеткізушілердің үлесі 171 млрд. теңге, немесе қазақстандық үлес 29 пайыз болды.
Жұмыстарды орындауға арналған шарттардың жалпы көлемі 121 млрд. теңгені құрады, бұл ретте қазақстандық үлес 67%, немесе 81,5 млрд. теңге болды.
Барлығы 243,6 млрд. теңгенің, сонымен бірге қазақстандық жеткізушілерден 110,4 млрд. теңгенің қызметі сатып алынды, қызметтерді сатып алудағы қазақстандық үлес 45 пайызды құрады.