Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5156 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 04:58

Ермек Қарабала. Қазақстандағы ядролық жарылыстар

Жақында баспасөз бетінде Кеңес үкіметі кезінде еліміздің Оңтүстік Қазақстан облысында жасалған жерасты ядролық жарылыстары туралы ақпарат кеңінен талқыланды. Бұл жаңалық, әрине, ешкімді қуанта қойған жоқ. Негізінен «ядролық қару», «ядролық жарылыс» деген кезде біз ең алдымен әскерилерді кінәләйміз. Ал шындығында КСРО заманындағы ядролық сынақтардың біразы «өнеркәсіпті дамыту», «кен көздерін ашу» мақсатында жасалғанынын жұрт енді ғана естіп-біліп жатыр...

Сөз жоқ, қандыауыз Империя қарапайым халықтың жағдайын ешқашан ойлаған емес. Империяға отардан не қажет? Екі ресурс: табиғи жерасты байлықтар және оларды игеру үшін қажетті қара күш. Құдайдың бергені мен ата-бабаның сақтағанының арқасында қазақ жерінің асты да, үсті де табиғи байлыққа толы. Осыны анық түсінген орыс ғалымдары мен өнеркәсіпшілері сол байлықты ең жеңіл, ең арзан жолмен шығарып, өз қажетіне жұмсауға тырысты. Бұл мақсатта қызыл империя ешқандай сұмдықтан тайынған емес. Соның бірі жерасты қыртыстарында жатқан кен көздерін жоғарылату үшін қолданылатын ядролық жаралыстар!

Жақында баспасөз бетінде Кеңес үкіметі кезінде еліміздің Оңтүстік Қазақстан облысында жасалған жерасты ядролық жарылыстары туралы ақпарат кеңінен талқыланды. Бұл жаңалық, әрине, ешкімді қуанта қойған жоқ. Негізінен «ядролық қару», «ядролық жарылыс» деген кезде біз ең алдымен әскерилерді кінәләйміз. Ал шындығында КСРО заманындағы ядролық сынақтардың біразы «өнеркәсіпті дамыту», «кен көздерін ашу» мақсатында жасалғанынын жұрт енді ғана естіп-біліп жатыр...

Сөз жоқ, қандыауыз Империя қарапайым халықтың жағдайын ешқашан ойлаған емес. Империяға отардан не қажет? Екі ресурс: табиғи жерасты байлықтар және оларды игеру үшін қажетті қара күш. Құдайдың бергені мен ата-бабаның сақтағанының арқасында қазақ жерінің асты да, үсті де табиғи байлыққа толы. Осыны анық түсінген орыс ғалымдары мен өнеркәсіпшілері сол байлықты ең жеңіл, ең арзан жолмен шығарып, өз қажетіне жұмсауға тырысты. Бұл мақсатта қызыл империя ешқандай сұмдықтан тайынған емес. Соның бірі жерасты қыртыстарында жатқан кен көздерін жоғарылату үшін қолданылатын ядролық жаралыстар!

КСРО-ның Атом өнеркәсібі министрлігіне қараған ВНИПИпромтехнология институтының деректеріне сенсек, бұрынғы империяның жерінде 1994 жылға дейін 124 «бейбіт мақсаттағы ядролық жарылыс» жасалған көрінеді. Бұлардың ішінде 4-уі сәтсіз аяқталып, экологиялық апатқа әкелген («Кратон-3», «Кристалл», «Тайга» және «Глобус-1» сынақтары). 24 жарылыстың зардаптары жер мен ауаны ластап, олардың зияндығы әлі күнге дейін сезіліп келеді екен.

«Бейбіт мақсатта жасалған жарылыстардың» негізгі мақсаттары мынау:
• жерасты қыртыстарындағы геологиялық құрылымдар мен казбай байлықтарын анықтау мақсатындағы сейсмозондтау;

  • мұнай өндіруді тездету;
  • газ өндіруді тездеті;
  • тасты тұз кешендерінің ішінен жерасты қуыстарын жасау;
  • жарылған не атқылаған мұнай не газ фонтандарын жабу;
  • кен шоғырларын үгіту;

• метан мен көмір шаңының атылуына жол бермеу т.б.

Орыстың беделді ақпарат көздері жақында КСРО кезінде «өте кұпия» деп саналып келген аталмыш 124 жарылыс болған жерлердің картасын жариялады (суретте). Біз солардың ішіндегі Қазақстанда не Қазақстанға жақын жерде жарылыс болған нүктелерді жариялағанды жөн санадық.

Астрахан облысы

«Вега» бағдарламасы бойынша 15 жарылыс жасалды. Негізгі мақсаты газконденсат кендерін оңтайландыру. Жарылыстың қуаты - 3,2-13,5 килотонна. 1980-1984 жылдар.

Башқұртстан

«Кама» бағдарламасы. Стерлитамак қаласының оңтүстігіне қарай аймақта қуаты 10 килотоннадан 2 жарылыс. 1973-1974 жылдар.  Мақсаты өнеркәсіптегі улы қалдықтарды «жерлеу» үшін жасалатын «қуыстарды» әзірлеу.

1980 жылы «Бутан» бағдарламасы бойынша қуаты 2,3-3,2 килотонналық бес жарылыс. Мақсаты, мұнай мен газды өндіруді оңтайландыру.

Қалмақия

«Регион-4» бағдарламасы. 1972 жыл, қуаты - 6,6 килотонна. Сейсмозондтау.

Орынбор облысы

«Магистраль» бағдарламасы. 1970 жылдың маусымы. Қуаты -  2,3 килотонна. Орынбор газконденсат кеніштеріндегі тасты тұз қатпарларында қуыс жасау.

«Сапфир» бағдарламасы. 1971 және 1973 жылдары 15 килотонналық екі жарылыс. Мақсаты -  тасты тұз қатпарларында қуыс жасау.

«Регион-1» және «Регион-2» бағдарламалары. 1972 жыл. 2,3 килотонналық жарылыс. Мақсаты - сейсмозондтау.

Қазақ КСР-ы

«Азғыр» бағдарламасы. 22 заряды бар 17 жарылыс. Қазіргі Атырау облысы. 1966-1979 жылдар. Қуаты - 0,01-150 килотонна;

«Батолит-2» бағдарламасы. Қазіргі Ақтөбе облысы. 1987 жылдың 3 қазан күні. Қуаты - 8,5 килотонна. Мақсаты - сейсмозондтау.

«Лазурит» бағдарламасы. Мыржық шатқалы, бұрынғы Семей облысы. 7 желтоқсан 1974 жыл. Қуаты - 4,7 килотонна. Бөген салу үшін тау етегін ысыру.

«Лира» бағдарламасы. Батыс-Қазақстан облысы. Қарашығанақ кенішінде жерасты газ сақтау қуысын жасақтау мақсатындағы 6 жарылыс.

«Маңғышлақ» бағдарламасы. 30-80 килотонналық 3 жарылыс. 1969-1970 жылдар. Маңғыстау облысының Сай-Утес кентінің маңында. Мақсаты - жерасты қуыстарын жасау.

«Меридиан-1» бағдарламасы. Арқалықтан шығысқа қарай 110 шақырым жерде. Ақмола облысы. 28 тамыз 1973 жыл. Қуаты - 6,3 килотонна. Сейсмозондтау.

«Меридиан-2» бағдарламасы. Жезқазғаннан оңтүстікке қарай 230 шақырым жер. Оңтүстік Қазақстан облысы. 19 қыркүйек 1973 жыл. Қуаты -  6,3 килотонна. Сейсмозондтау.

«Меридиан-3». Түркістан қаласынан оңтүстік-батыс жағына қарай 90 шақырым жерде. Оңтүстік Қазақстан облысы. 19 тамыз 1973 жыл. Қуаты - 6,3 килотонна. Сейсмозонтау.

«Регион-3» бағдарламасы. Орал қаласынан оңтүстік-батыс жағына қарай 250 шақырым жерде. Батыс Қазақстан облысы. 20 тамыз 1972 жыл. Қуаты - 6,6 килотонна. Сейсмозондтау.

«Регион-5» бағдарламасы.  Қостанай қаласынан оңтүстік-шығыс жағына қарай 160 шақырым жерде. Қостанай облысы. 24 қараша 1972 жыл. Қуаты - 6,6 килотонна. Сейсмозондтау.

«Сары-Өзен» бағдарламасы. Семей сынақ полигоны. 14 қараша 1965 жыл. Қуаты -  1,1 килотонна. Экскавациялық мақсатта су қоймасы үшін қуыс жасау.

«Скважина 1004» бағдарламасы. Семей сынақ полигоны, 1965 жыл, (қуаты мен мақсаты «Шаған» бағдарламасына келеді).

«Телькем-1» бағдарламасы. Семей сынақ полигоны. 21 қазан 1968 жыл. Қуаты - 2 х 0,24 килотонна. Жерасты су қоймасын жасау.

«Телькем-2» бағдарламасы. Семей сынақ полигоны. 12 қараша 1968 жыл. Қуаты - 3 х 0,24 килотонна. Экскавациялық мақсатта.

«Шаған» бағдарламасы. Семей сынақ полигоны. 30 наурыз 1965 жыл. Қуаты - 140 килотонна. Жарылыстың нәтижесінде жерасты су қоймасы пайда болып, оны Шаған өзенінің суы толтырды.

«Штольня» бағдарламасы. Семей сынақ полигонындағы  1964-1984 жылдардағы 36 жарылыс. Қуаты - 0,01-150 килотонна.

Айта кету қажет, КСРО-мен қатар АҚШ мемлекеті де осындай мақсатта 1963-1974 жылдары өз жерінде осындай жарылыстар жасаған. Алайда, бұндай жарылыстардың қауіптілігіне көз жеткізген соң бұл елдің үкіметі бұндай «сынақтардан» біржола бас тартады. Онда «Plowshare» бағдарламасы бойынша 27 жарылыс жасалған.

Анықтама үшін: килотонна - ядролық жарылыстың қуатын өлшеу салмағы. Бір килотонна - бір мың тонна тринитротолуолдың (тротилдың) жарылыс қуатына парапар. Мысалы, 1999 жылы Мәскеудің Гурьянов көшесіндегі 9-қабатты үйді жермен-жексен ету үшін террористерге 350 килограмм тротил қажет болды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502