Жұма, 22 Қараша 2024
3638 1 пікір 30 Қаңтар, 2019 сағат 10:35

Түркіменстанда студенттерге телефон мен интернет қолдануға тыйым салған

Түркіменстанда қысқы демалыс кезінде студенттерден "мобильді телефон мен интернет қолданбаймыз" деген қолхат алған. Сонымен бірге тойға бармаймыз деп уәде беріп кеткен екен.

Кезекті тыйымдар туралы Азаттықтың түркімен қызметіне (Азатлык) еліндегі бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытаушылары хабарлаған.

"Мұндай қолхатты студенттерден 25 қаңтарда жаздыртып алды. ЖОО басшылары демалыс кезінде студенттерге өздерін тәртіпті ұстауды, телефонмен сөйлеспеуді, интернет қолданбауды және тойларға бармауды тапсырған", - деп хабарлады Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісі.

Бірнеше күн бұрын ЖОО студенттері оқытушыларының демалысқа ауылына бару үшін такси қызметін пайдаланбауды бұйырғанын айтқан. Тіптен демалыстан келгеннен кейін жол билетінің көшірмесін деканатқа тапсыруды талап еткен екен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320