Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Серік Жұманғалиұлы Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Осы орында бұған дейін қызмет атқарған С. Жарасбаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.
Серік Сәпиев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «дене шынықтыру оқытушысы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша; 2014 жылы — Брунель университетін («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған; 2016 жылы Қазақ спорт және туризим академиясының педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Түрлі жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ЗТБ жаттықтырушы-оқытушысы, спорт жөніндегі директоры; «Astana Arlans» бас директоры қызметтерін атқарған.
2017 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Abai.kz