Жұма, 22 Қараша 2024
4092 1 пікір 31 Қаңтар, 2019 сағат 10:28

Қазақстан "Бішкек-Ташкент" транзиттік автобустың жүруіне тыйым салған

Қазақстан өз аумағы арқылы "Бішкек-Ташкент" транзиттік автобустың жүруіне тыйым салған. Бұл жөнінде БАҚ қырғыздың "Транс-Союз-Азия" тасымалдаушы компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Қырғызстанның көлік министрлігі қазақ тарабының расымен автобус рейсін жібермей жатқанын растады.

Қырғызстандық БАҚ-тың мәліметінше, 2018 жылдың желтоқсан айында тасымалдаушылар қозғалыс кестесін өзгерткен. Бірақ қазақ тарабы алдын-ала келісілмегендіктен, заңсыз екенін айтып, ескерту жіберген. Осыдан кейін тасымалдаушылар тиісті құжаттарды рәсімдеп, Қазақстан билігіне жіберген. Бірақ әлі жауап алмағанын айтады.

БАҚ-та жазылғандай, Қазақстанның көлік комитеті халықаралық "Бішкек-Ташкент" жолаушылар бағытына қазақстандық тасымалдаушыны қосуды ұсынған. Азаттықтың қырғыз қызметінің көлік министрлігіндегі дереккөзі бұл ақпаратты растаған. Оның айтуынша, қазір келіссөз жүріп жатыр.

Қырғызстан мен Өзбекстан 2018 жылдың мамыр айынан бері Бішкектен Ташкентке және кері бағыттағы рейстерді ашқан. Бұл рейстерді Өзбекстан тарапынан Mironshox Grand Trans, Қырғызстан жағынан "Транс Союз-Азия" тасымалдаушы компаниясы жүзеге асырады.

Маршрут қашықтығы - 601 км. Автобус жолда Қырғызстанның "Чалдовар" мен "Супатай Батыр", Қазақстанның "Жібек Жолы" және Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Гишт куприк" бекеттерін кесіп өтеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313