Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2304 0 пікір 15 Маусым, 2009 сағат 07:03

Ағабек Қонарбайұлы. Бір балл – бір тағдыр...

 

Алаулатқан-жалаулатқан Ұлттық бірыңғай  тест-2009 да мәресіне жетті. Бірақ қалай?..

Бір сұраққа - екі түрлі жауап

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың блогына арыз-шағым, сұрақ-өтінімдерін жолдаған адамнан көз сүрінеді. Иә, көкейін сұрақ кернегендердің санында қисап жоқ. Аз-кем мысал. Алматы қаласы, Алмалы ауданы, М.Дулатов атындағы №136 мектептің түлегі, «Алтын белгіге» үміткер Данияр Жігітбек 5 маусымда Ұлттық тестілеуден өтеді. Бірақ Даниярға «алтынға» қол жеткізу үшін бір балл жетпей қалады. Данияр Русланұлының уәжі де жоқ емес.

 

Алаулатқан-жалаулатқан Ұлттық бірыңғай  тест-2009 да мәресіне жетті. Бірақ қалай?..

Бір сұраққа - екі түрлі жауап

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың блогына арыз-шағым, сұрақ-өтінімдерін жолдаған адамнан көз сүрінеді. Иә, көкейін сұрақ кернегендердің санында қисап жоқ. Аз-кем мысал. Алматы қаласы, Алмалы ауданы, М.Дулатов атындағы №136 мектептің түлегі, «Алтын белгіге» үміткер Данияр Жігітбек 5 маусымда Ұлттық тестілеуден өтеді. Бірақ Даниярға «алтынға» қол жеткізу үшін бір балл жетпей қалады. Данияр Русланұлының уәжі де жоқ емес.

Ол өзі оқыған кітап бойынша жауап береді. - Маған Қазақстан тарихы пәні бойынша «Ғұндарда опасыздық жасағаны үшін берілген жазаның түрі» деген сұрақ келді, - деп бастады сөзін Данияр. - Жауап нұсқаларын қарап (елден аластау, өлім жазасы, бетті тілу, дүре соғу, құлдыққа сату), 2002 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан (6-сынып оқушыларына арналған) «Ежелгі Қазақстан тарихы» оқулығының 73-бетіндегі «Шаньюй өзіне бағынбағандарды қатаң жазалады» деген дерек көзіне сүйене отырып, белгіледім. Менің оқып дайындалған оқулығымда «өлім жазасы» (Даниярға келген сұрақтың дұрыс жауабы осы екен - А.Қ.) деген сөз мүлде айтылмаған. Осы оқулықта көрсетілгендей, мен дұрыс жауап орнына «елден аластату» деп белгіледім. Себебі елден аластатылған адамды өз елі де, өзге мемлекет те қабылдамаған ғой. Бізде мұндай адамды «тірі өлік» деп атайды емес пе? «Шаньюйдің қолданған қатаң жазасы - елден аластау» деп есептедім. Көрсетілген сұрақ дәйексіз деп ойлаймын.
Оқушы ойының астаң-кестеңін шығарған бір сұрақтың жауабы екі оқулықта екі түрлі беріліпті. Дәлірек айтқанда, 2002 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықта (авторлары - Т.Тұрлығұл, Ә.Төлеубаев, Қ.Құналина) «Шаньюй өзіне бағынбағандарды қатаң жазалады» (суретті қараңыз) деп берілген. Ал 2006 жылы осы баспадан жарық көрген оқулықтың (авторлары - Т.Садықов,  Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Халидуллин, Б.Сәрсекеев) 103-бетінде «Ауыр қылмыс мен опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілген», - деп жазылған екен. Ал енді дұрысын таңдап көріңіз. Алматы қаласының тарих пәні апелляция мүшелері - Мағишат Иісова мен Асылхан Бейсенбаевалар мәселенің байыбына барғаннан кейін баланың бағын байламауды басшылыққа алады. «Біз «Алтын белгіге» үміткер оқушының арыз-шағымын қанағаттандырып, баланың бағын байламайық деп,  бiр балды Даниярдың пайдасына шешуді дұрыс деп таптық. Бірақ соңғы шешімді мемлекеттік апелляция  комиссия шығарады» дейді олар. Ал мемлекеттік комиссия мүшелері - М.Байдолда, Б.Несіпов, К.Нұртаевалар «Даниярдың дұрыс жауап бере алмауы талапкердің емес, қолданыстан алынған оқулық пен оқушыны дайындаған пән мұғалімінің кінәсі» деген шешім шығарады. Даниярды тарих пәні бойынша дайындаған Үміт Танакөзованың айтуынша, Даниярдың белгілеген жауабында негіз бар. «Бізде жыл сайын жаңа оқулықтар шығып жатады. Өкініштісі сол, әр оқулықтағы тарихи сандар /деректер/ әртүрлі. Бұлар оқушылардың ойын жаңылыстырмай қоймайды. Ал жоғарыдағылар бізді, мұғалімдерді, кінәлап шығады», - дейді Үміт Танакөзова.

 

«Алтын белгіге» бір балл жетпей қалыпты

Тағы да тағдыры бір балға таңылған оқушы жайлы. - Биыл менің сіңлім Индира Ізбасқан 6 маусымда ҰБТ тапсырды, - деп басталады Тілестес Аимованың Жансейіт Түймебаев мырзаға жазған хаты. - «Алтын белгіге» ұсынылған оның ағылшыннан бір балы (108 балл жинаған) жетпей, «алтыннан» қағылды. Әрине, алтын алу мақсат емес, тек оның 11 жыл бойғы еңбегінің бар тағдыры ҰБТ-ға таңылып тұрғаны. Индира - үздік оқушы ғана емес, ақынжанды қыз. Түрлі олимпиадаларға, ғылыми-конференцияларға қатысып жүрген оның тағдырын бір ғана балл быт-шытын шығарды. Әкесі ерте қайтып, жалғыз анасымен қалған Индира ақысыз оқуға түссем дейтін. Енді бәрінен қол үзді. Апелляцияға берген едік, түзеуге келмейді деп жолатпады. Бір балл баланың тағдырын шешетін болғаны ма? 11 жылғы еңбегін еш ететін болса, онда ҰБТ-ның қажеті қанша?! Оған қоса, орыс тілінен алған балдары да шегеріледі. Сонда 88 балмен қай оқуға түсе алады? Құрметті Жансейіт мырза, мүмкіндік болса, Индираның мәселесін қарастырып, көмек қолын созсаңыз.

 

Кінәлі кім:
компьютер ме, комиссия ма?

Бұл бір ғана Индираның қара басындағы жағдай емес, әрине. Түймебаев техникалық ақау болмайды деп еді, бірақ компьютері түскір талай түлектің сағын сындырды, үкілеген жас үміттерді сөндірді. Басқа-басқа Ақмола облысындағы дүйім жұртты дүрліктірген оқиғаға көзжұмбайлықпен қарауға болмас, сірә. Ақмола облысындағы №4 мектептің түлегі Ұлжан Сүлейменова 125 сұрақтың небары 18-іне ғана дұрыс жауап береді. Өз біліміне сенген талапкер апелляциялық комиссияға шағымданады. Комиссияның салғырттығы ма екен, компьютердің қателігі ме екен, Ұлжанның, асылы, 18 емес, 83 балл жинағаны анықталды. Компьютердегі көрсеткіш - осы.  Айырмашылық - «65-ақ» балл. «Мұның себебін техникалық қате деп түсіндірді комиссиядағылар. Маған 17 178 нөмірі берілді, бірақ мендегісі 1590 болатын. Сонымен, 18 емес, 83 балл жинағанымды дәлелдеп шықтым», - дейді әділетсіздіктің құрбаны бола жаздаған Ұлжан.
Ақмола облысында Ұлжан сияқтылардың саны бір-екі адаммен шектелсе қанеки. Апелляциялық комиссия мүшелері оқушылардың талап-арыздарын қараудан қолдары босамады. Күніне жоқ дегенде 60 арызданушының мәселесін қайта қарап жатқан комиссиядағыларға ата-аналардың өкпесі қара қазандай. Олар енді министрдің өзіне шықпақшы. Мәселенің анық-қанығына көз жеткізбекші.
Бала түгіл, мұғалімнің де басына кірмейтін сұрақтар бұл жолы да кездесті. Еліміздің бас мұғалімі Жансейіт Қансейітұлы өз сөзінде сұрақтар тек мектеп бағдарламасынан алынады деп мәлімдеген-ді. Бірақ олай болмай шықты. Алматылық талапкер Гүлжан Шанқұловтың айтуынша, «Қос кеңес» деген мавзолей қай жерде?», «Пәленшенің итін сипаттап бер» деген сұрақтар тағы да келіпті. Даныш­пан Абайдың өзін танып-біліп, оның жақыны мен туысын, үрім-бұтағын түгендеп тастағандай, енді «Абайдың итінің аты кім?» деген секілді сорақы сұрақтар әлі де тестіде  де жүр.

 

Жұртты «жарылқаушылар» жазаланбақ

Қазақстандық түлектердің 82%-ы (108 672 оқушы) қатысқан ҰБТ 2009 жылы да шырғалаңмен бітті ғой. Заң бұзушылық әрекеттер аз болды демесеңіз, биылғы ұлттық тестілеуде де алаяқтар аянып қалмады. Оқушыларға «көмектеспек» болған «қамқоршылардың» ісі әшкереленді. Тесттің дұрыс жауаптарын 3-3,5 мың долларға сатып, оңай олжаға кенелуге бекінген алматылық бір топ студентті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері дер кезінде ұстады. Алматы қалалық ҰҚК департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Төлетаевтың мәлімдеуінше, халықты алдамақ боп, ақшаға батуды көздегендердің үшеуі Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) студенті екен, ал біреуі - Алматы экономикалық университетінің шәкірті. Жұртты тестің дұрыс жауабымен «жарылқаймын» дегендер тергелуде. ҰБТ өткізіліп жатқан пунктерде ұялы телефонды пайдаланбақ болған үш дерек тіркелсе, тестке өз орнына басқа біреуді кіргізбек болған бір адамның әрекеті әшкереленген.

«Жас қазақ» газеті, №23, 12.06.2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650