Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2602 0 пікір 13 Мамыр, 2011 сағат 02:10

Гүлмира Тойболдина. Қытай Жетісуға жетті

немесе бір жарнамадағы жағдаят

ДҰРЫСЫ ҚАЙСЫ?

  • Газетіміздің өткен санында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына қытай компаниясы келіп, жер өңдеп жатқаны жөнінде ақпарат жариялаған едік. Бұл хабар елдегі ақпарат әлеміне лезде тарап, Қытай елінің өкілдері қазақ жерін пайдалану құқығына қалай ие болғаны жайында алыпқашпа әңгімелер көбейіп кетті. Біз бұл мәселенің анық-қанығын газетіміздің келесі санында жариялайтын боламыз. Ал ушығып тұрған тақырыптың бүгінгі әлпеті қандай? «Мәселенің мәніне» үңіліңіз.

 

Үстіміздегі жылдың наурыз айында (30.03.2011) анау-мынау емес, биліктің үндеушісіне айналған республикалық «Казахстанская правда» газетінде бір қызғылықты хабарландыру жарияланды. Мәселенің мәнін егжей-тегжейлі айту үшін, біз сол жарияланымды қаз-қалпында келтірейік:

 

немесе бір жарнамадағы жағдаят

ДҰРЫСЫ ҚАЙСЫ?

  • Газетіміздің өткен санында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына қытай компаниясы келіп, жер өңдеп жатқаны жөнінде ақпарат жариялаған едік. Бұл хабар елдегі ақпарат әлеміне лезде тарап, Қытай елінің өкілдері қазақ жерін пайдалану құқығына қалай ие болғаны жайында алыпқашпа әңгімелер көбейіп кетті. Біз бұл мәселенің анық-қанығын газетіміздің келесі санында жариялайтын боламыз. Ал ушығып тұрған тақырыптың бүгінгі әлпеті қандай? «Мәселенің мәніне» үңіліңіз.

 

Үстіміздегі жылдың наурыз айында (30.03.2011) анау-мынау емес, биліктің үндеушісіне айналған республикалық «Казахстанская правда» газетінде бір қызғылықты хабарландыру жарияланды. Мәселенің мәнін егжей-тегжейлі айту үшін, біз сол жарияланымды қаз-қалпында келтірейік:

 

  • ТОО «Чайна-Казахстан Модерн Агрикалчирал Девелопмент Компани» для работы в Алматинской области требуются:
  • Агроном по защите растений - 10 ед. Требования к квалификации: высшее агрономическое образование и стаж работы на должности агронома по защите растений не менее трех лет или среднее специальное (агрономическое) образование и стаж работы на должности агронома по защите растений не менее пяти лет.
  • Агроном по семеноводству - 4 ед. Требования к квалификации: высшее агрономи-ческое образование и стаж работы на должности агронома по семеноводству не мене трех лет или среднее специальное (агрономическое) образование и стаж работы на должности агронома по семеноводству не менее пяти лет.
  • Резюме направлять по адресам: 1.ТОО «Чайна-Казахстан Модерн Агрикалчирал Девелопмент Компани», тел.87014483 888; e-mail:ck.mads@gmail.com. Талгарский р-н, пос.Жалгамыс. 2. Управление КЗиСП Алматинской области в г. Талдыкоргане, ул. Кабанбай-батыра, д. 26, тел. 8 (7282) 27-08-34, с пометкой для ТОО «Чайна-Казахстан Модерн Агрикалчирал Девелопмент Компани»

 

 

Сонымен, «Чайна-Казахстан Модерн Агрикалчирал Девелопмент Компани» (ЧКМАДК) Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнына агроном қажет. Агроном болғанда, өсімдіктерді қорғау саласы бойынша бір емес, 10 агроном, өсімдік тұқымымен жұмыс істейтін   4 агроном керек екен. «ЧКМАДК» Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Жалқамыс поселкесінде жерге ие болмақ. Біз әзірге ол жерді иелену құқығы қандай болатынын білмейміз. Көрсетілген ақпарат бойынша хабарласқандарға ЖШС бастығымын деген азамат Қытаймен бірлескен кәсіпорын қанша гектар жерге ие болатыны туралы ашып айтпайды.

Біздің сауалымызға да өз аты-жөнін атаудан бас тартқан серіктестік жетекшісі: «Біз әлі жұмысты бастаған жоқпыз, мамандар іріктеп жатырмыз», - деген шығарыпсалма жауап қайырды. Оның айтуы бойынша, кәсіпорынға, негізінен, жылыжайда (теплица) жұмыс істейтін мамандар қажет көрінеді. Әзірге белгілі болғандай, көкөніс өсіру үшін құрылатын бірлескен кәсіпорын қытай технологиясын ендірмекші.

Демек, бұл біз ойлағандай уақытша емес, жылыжайлар салып, жыл он екі ай жұмыс істейтін кәсіпорын болмақшы. Басқасын қайдам, көкөніс өсіру үшін Қытай технологиясының не қажеті бар екені түсініксіз-ақ. Себебі, басқа - басқа, қадаған шыбығың шынарға айналатын жері құнарлы Жетісу өңірі үшін өзге жұрттың технологиясы қаншалықты қажет?! Мұның астарында қазақ жерін бейбіт түрде бірте-бірте жаулап алу амалы жатқан жоқ па? Бүгінде мұнай-газ саласындағы Қытайдың үлес салмағына күдікпен қарап отырған халықтың мұндай ойға қалмасқа шарасы жоқ!

Осындай күдіктің түрткісімен Жалқамыс ауылына біз де бардық. Бұл ауыл - сулы да нулы, Алматының төңірегіндегі құйқалы аймақ. Жалқамыстың шығысында жатқан көрші ауылдың тұрғындары мұнан үш жыл бұрын жылы орындарынан еріксіз көшірілген. Жергілікті адамдардың айтуынша, ырықсыз көшірілгендерге 3 мың доллардан ақша берілген. Ақшаны алып, ауылдан ат-құйрығын үзіп, ағайындарын жағалап кеткендер де, керісінше, осы маңайдан өз әлінше баспана тұрғызғысы келіп жатқандар да бар. Бірақ енді 3 мың долларға ойыңдағыдай баспана салып алу қиын екені рас.

«Анау көк шатыры төңкерілген қалашықта, сол көшірілген ауылдың орнында қазір кәрістер өз ісін жүргізіп жатыр», - дейді жергілікті МТМ-да жұмыс істейтін қазақтар. МТМ деген аты ғана болмаса, мұнда тозығы жеткен төрт-бес трактордан басқа техника көрінбейді.

Кәрістердің қатарында түйеқұс өсіріп жатқан татар ағайындар бар екен. Ауылдың екі жағында шошқа өсіретін кешен орналасқан. Онда кімдер жұмыс істеп жатқаны белгілі...

Жазық жердегі ұядай ғана ауылдың ортасымен әр 3-4 минут сайын алып жүк көліктері әрлі-берлі ағылып жатыр. Тиегендері мен тасығандары құрылыс материалдары. Ауылдың оңтүстік-шығысына қарай 900 гектар жерге ағаштың небір түрі егіліп, үлкен демалыс аймағы салынып жатқан көрінеді. «Бұл баққа бұғы, қабан, аңның не түрі, қырғауылдан бастап, құстың неше түрі әкелінеді. Елдің қалталылары осында келіп, аунап-қунап демалып, аңшылық құратын болады», - дейді ауыл адамдары аңыз айтқандай тамсанып.

Демек, біз іздеген бірлескен компания жер таңдауда қателеспеген. Бірақ жергілікті тұрғындар «Чайна-Қазақстан...» туралы естігендері болмаса, әлі көрмегендерін айтады. Осы жуықта Жалқамыс ауылының жұмыссыздары, тіпті мектеп оқушылары да, әлдебір қытайларға жұмыс істеулеріне болады екен деген хабарды естігендері болмаса, мәселенің анық-қанығын ешкім ашып айта алмады.

«...Дегенмен анау жақта қытайлар салған қоймалар бар», - дейді, бір егде адам ауылдың солтүстігінде, көз ұшында тұрған еңселі ғимаратты көрсетіп. Жергілікті адамдар қойма деп көрсеткен ғимараттың не үшін салынғанын сыртынан ажырату қиын, әрі ғимараттың айналасындағы ат шаптырым жер темір шарбақпен қоршалып тасталған.

Осының бәріне қарап тұрып, алыстағы Үржарда ғана емес, Қазақстанның бұрынғы астанасының иегі астында да қытайлар жақын арада өріп жүретінге ұқсайды. Енді қытайлар қазақтың жерінде тең дәрежеде тұрып, егін егіп, көкөніс өндіреді және бұл кәсіпке бізді үйретпекші!

Қытайлар салған қойма деп, жергілікті тұрғындар көрсеткен ғимарат қытай технологиясымен өсіріліп, генетикалық өзгеріске ұшыраған көкөніс сақтайтын, оны жан-жаққа тарататын қойма болып шыға келуі әбден мүмкін. Ертеңгі күні жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай, әр жерден «чайналар» көбейе беруі де кәміл. Ал олардың қандай келісім-шарт негізінде (мемлекетаралық келісім бе, жоқ әлде бірлескен кәсіпорын туралы заң негізінде ме?) екенін сіз бен біз мүлде білмеуіміз де мүмкін.

Соңғы 20 жыл ішінде Қазақстанға шеттен келген қай инвестор біздің елдің мамандарын басқарушы, жетекші қызметке алған еді, қара жұмысқа салып, аз ақы төлегеннен өзге? Әр инвестор өз мамандарын, өз жұмысшыларын, тіпті өз аспазшыларын ала келетіні Қазақстан үшін әдетке айналғаны белгілі. Бұл хабарландыру да жай әншейін, көз алдау ма? Хабарландыру берген боп, жергілікті мамандарды жұмысқа тартып жатырмыз деп, өз мамандарын тайраңдатып қоймас па екен?! Ал ең қорқыныштысы - «Қытайға қазақтың 1 миллион гектар жері берілетін болыпты» деген сөз шыққаннан бері ел іші әлі тыншыған жоқ. Сонан қаймыққаннан, бұл мәселені ашық айтуға батпаған билік қысық көз көршімен бірлескен кәсіпорын құру арқылы бар әрекетін төменнен бастап отырған жоқ па екен?!

Гүлмира

ТОЙБОЛДИНА,

журналист

 

Жанұзақ Әкім, қоғам қайраткері: «Жер тағдырына Қазақтан басқаның араласу құқы жоқ»

- Жанұзақ мырза, Үржарда қытайлар қаптап жүр деп, газеттің өткен санында шағын хабар таратқан едік, елде елеңдеу басталды. Қазақ жерінің тағдырына алаңдаулы азамат ретінде сіз бұған не қосар едіңіз?

- Алдымен мәселенің анық-қанығына жетіп алған дұрыс. Қытайлар Үржарға қандай мақсатпен келген? Қанша адам? Жер шынымен берілген болса, ол кімнің шешімі?

Бір жағынан, осы мәселелердің анығына жетпей тұрып, айқай-шу көтеру орынсыз болса, мәселенің келесі жағы - ол 2009 жылдың күзінде осы бір миллион гектар жерді Қытай билігі сұрағанын президенттің өз аузынан естідік  (егер Ху Дзин Тау Қытай халқына: «Қазақстан бір миллион гектар жер сұрады», - деп айтса, қоғамда қандай реакция болатынын ойлап көріңіз).

- Қытайдан миллиардтаған қарыз ала бастағанымыз сол жылы емес пе еді?

- Иә, сол жылы Қазақстан Қытайдан алдымен он миллиард доллар, одан кейін тағы бес миллиард доллар қаржы алған болатын. Әрине, дағдарыстан қарыздың көмегімен шығамыз деу - ол негізсіз, жалған түсінік және елді түбінде тығырыққа апаратын таяз саясат, «ашыққаннан құныққан жаманның» әрекеті. Қазір кейбір деректерде Қазақстанның сыртқы қарызы 131 миллиард АҚШ долларын құрайды екен. Ол Қазақстанның ішкі жалпы өнімінен (ІЖӨ) артық. Грекия, Испания, Исландия сияқты елдердің сыртқы қарыздары ІЖӨ-нің қырық пайызынан асқанда, ол елдерді дефолт жағдайында деп жариялады. Ал біздің ел осындай дефолт жағдайына тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап кірді және оны елге инвестиция тарту деген жалған терминмен қоғамды алдарқатып, аңқау елге арамза молдалық істеуде. Академик Аганбегянның дерегі бойынша, Қазақстанның 2010 жылғы сыртқы несиелерді қайтарудың үстіндегі процентінің өзі тоғыз миллиард долларды құрапты. Бұл - елдің экономикасын құртып, шетелдік қаржы институттарына қызмет ету деген сөз. Жалпы, негізгі мәселе Қытайда немесе басқа елдерде емес, мәселе ішкі резервтерді пайдаланудың орнына, шеттен қарыз алып, ел экономикасын дамытамыз деген солақай саясатта. Бұл экономиканың заңына қайшы, яғни экономиканы түсінбейтін, түсінбегендіктен оны өзі басқара алмай, шетелдік компаниялардың басқарып пайдалануына беріп, экономикадан өзін-өзі аластатқан үкіметтің кереғар ұстанымында.

Ал Қытайға келетін болсақ, ол елден соңғы екі жылда алған 19,0 миллиард АҚШ долларын (қарыз алған жақ қашанда тәуелді) қайтару үшін, істеп жатқан биліктің әрекеті болуы мүмкін. Қалай болғанда да, жерді шетелге, оның ішінде Қытайға беруге халықтан, алдымен қазақтан басқа ешкімнің құқығы жоқ. Президенттің де, парламенттің де, үкіметтің де, әкімдердің де ... ешкімнің. Жер мемлекеттің негізі. Қазақтың мемлекеті қазіргі билікке дейін де, одан кейін де ғасырлар бойы өмір сүріп келеді және болашақта да бола бермек. Бұл жердің иесі - барлық тарихи кезеңдердің ащы-тұшысын көріп, жерді ақ найзаның ұшымен сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізген қазақ. Жерді сату - ол елді сату, яғни ол сатқындардың тірлігі. Егер ондай сатқындар болса, олар жазаларын алуы керек. Миллион гектар - ол бір гектар емес қой. Қанша жасырғанмен, түбі белгілі болады.

- Бір сарапшылар айтады: қытайлардың қазақ жерін жалға алуы бізге берген бірнеше жүздеген миллион доллардың өтемі деп...

- Қазақстан Қытайдан қарыз алғанда, біздің билік Қытайға жер береміз деген уәде беріпті деген сөз тегін болмаса керек. Бар пәле сол қарызда. Ал оған қытайдың жер сұрағаны - ол тәуелсіздігіңнің бір бөлігін беру деп түсінген жөн. Яғни Қытай билігі Қазақстанның тәуелсіз ел екенін мойындап отырған жоқ. Ол құныққан біздің билікпен ойына келгенін істеп отыр. Жалпы, осындай саясатты Қытай барлық көршілерімен ұстануда. Бұл ел соңғы 60 жылда Шығыс Түркістан мен Тибетті жаулап алды. Қытайға көрші Филиппин, Индонезия т.б. көптеген елдердің капиталының 50-86%-ын қытайлықтар ұстап отыр. Яғни бұл көршілердің барлығы - Қытайға тікелей тәуелді елдер. Қытайдың Моңғолия және Орта Азия республикаларымен жүргізіп отырған қазіргі саясаты барлық көршілерімен жүргізген саясаттың жалғасы. Ал Қазақстанның осы елден алған қарыздары - ол түбінде жерді біртұтастығынан, мемлекетті тәуелсіздігінен айыратын, елдің болашағын ойламайтын азғындық саясат. Қазақстанды қытайландыру саясаты Мәсімов басқарған соңғы үкіметтің кезінде қатты қарқын алуда. Бұған үкімет Қытайға берілген кен орындары, алынған қарыздардың ел экономикасына қандай қажеті болғаны туралы (егер оның 3 миллиард долларға жуығы Бразилияға 3 миллиард АҚШ доллар инвестиция жасап жатқан Еуразия тобына, 2,7 миллиард АҚШ доллары Алманияға, 1,7 миллиард доллар инвестиция жасаған Қазақмыс компаниясына берілсе ...) қоғам алдында ашық есеп беруі керек. Елдегі барлық азаматтар оны талап етуге міндетті.

- Дабыраның көтерілуіне екі ел арасындағы алыс-беріс, жер-су мәселесі төңірегіндегі келісімнің жариясыздығы себепкер болып тұрған сияқты. Осы келісім-шарттарды ашық, әрі қазаққа түсінікті етіп жүргізуге болмас па еді?

- Біздегі биліктің кейбір істерінің есі дұрыс адамның түсіне де кірмейтін тірліктеріне таңғалуға болмайды. Авторитарлық режимнің істеп жатқан көптеген тірліктерін көре тұра, кезінде тоқтатпай, барлығына немқұрайды қарайтын қоғамның өзі де кінәлі. Осындай маргинал қоғамда жариясыздықтың болуы - заңды құбылыс. Қоғамды демократиялаудың алдыңғы шарттарының бірі болып табылатын жариялылық үшін күресу керек. Оны ешкім, оның ішінде авторитарлық билік сыйламайды.

- Бүгінгі биліктің қазақ жерін Қытайға жалға беруіндегі түпкі мақсаты қандай, мәселенің мәні не деп ойлайсыз?

- Түпкі мақсат деген жоқ. Мақсат - барлық мүмкіндікті, оның ішінде қолдағы билікті пайдаланып, қазынаны тонау немесе шеттен несие алып, өздерінің мақсаттарына содан мол үлес алып қалу. Одан кейінгісі - «пұл болмаса, күл болсынның» кебі. Ел болашағын ойлап жатқанды көрмейсің. Бұл тірліктің мақсаты мен мәні кез келген жолмен баю болса керек. Қытайдан келген несиелердің 40%-ға дейіні сыбайлас жемқорлардың құлқынына кетеді деген деректер негізсіз болмас. Осыны құқық және қауіпсіздік органдары немесе «Нұр Отан» неге тексермейді екен?       Бұл - үлкен және күрделі сұрақ?!.

Қилы қисын

  • Мәселенің мәнін білу үшін, «Үржар» ауданы әкімінің аппаратына хабарластық. Аудан әкімі Бауыржан Жанақов Қазақстанға қытайлардың келіп жатқанын жоққа шығарды. Бірақ әңгіменің неден шыққанын түсіндіру үшін, Қытайдан техника, маман алдырып, жер айдап, егін еккелі жатқан жеке шаруашылық қожайынын таныстырды.

 

Сергей Хван, «Бәтуа» компаниясының директоры:

- Мен биыл Қытайдан 120 техника сатып әкелгем. Ал техниканы іске қосу үшін, Қытай елінен 6 маман алдырдым. Барлық шаруаны жүргізуге Қазақстан жағынан рұқсат алғам, сондай-ақ халықаралық қатынастар келісіміне байланысты Қытайдағы заңды тұлғамен келісім-шартқа отырдым. Құжаттарым Қазақстан заңдарына сәйкес жасалды. Шаруашылығымда жергілікті тұрғындармен бірге Ресей азаматтары да жұмыс істеп жатыр. Әкелген техникаларды Ресей азаматтары құрастыруда. Ал қытай мамандар көрсетіп береді.

Жасырудың қажеті қанша, ешкім ешқандай инвестиция жасаған жоқ. Мен кәсіпкер ретінде банктерден несие алдым. Шаруашылығымды соған жүргізіп жатырмын. Биыл бірінші жыл, егістікпен айналысып көрмекпін. Жалпы көлемі 2150 гектар жерге соя, қалған жерлерге басқа дәнді дақылдар салдым.

Сейсенғазы Шоқаев,

Шығыс Қазақстан облысы «Үржар» ауданы әкімінің

орынбасары (31-телеарна):

- Олар қытайлар емес, келіп жаткандар - өзіміздің түрлі мекемелер. Кәдімгі заңды тіркелген азаматтар. Онда қазақтың қара домалақ балалары жұмыс істеп жатыр. Қытайдың жаулап бара жатқанын байқаған жоқпыз. Ол туралы хабар жоқ, ол жер қытайларға берілген жоқ.

Топтаманы дайындаған -

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 17 (100) 11 мамыр 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524