"Латвия өзінің территориясында Кремльдің дұшпан санайтын еліне деген анық пропагандасына төзе алмайды. Біз өзіміздің ақпарат кеңестігімізді қорғаймыз", – деп түсіндірді NEPLP төрағасының орынбасары Иварс Аболиньш.
Заң бұзушылық "Вечер с Владимиром Соловьёвым" және "60 минут" (жүргізушілері – Ольга Скабеева мен Евгений Попов) деген бағдарламасында көрініс тапқан.
Былтыр 22 мамырда шыққан алғашқы бағдарламасында Украина мемлекетіне деген жеккөрушілік пікірлер айтылған. 2018 жылдың 11 қаңтарында эфирге шыққан "60 минут" бағдарламасында ЛДПР партиясының төрағасы Владимир Жириновский Украинамен соғысуға шақырған. Сарапшылар бұл бағдарламалар Украина азаматтарына деген жеккөрушілік сезімін қоздырады деп таныған.
2015 жылы Балтық елдерінің бірінің – Литва да Ресей арналарын көрсетуге тыйым салған. Литваның теле және радио комиссиясы "Рен ТВ Балтия" ресейлік каналын үш айға көрсетуге тыйым салған.
Abai.kz