Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2527 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 04:22

Ерлан Алтай. Жезөкшелер шеруі

Өткен сәуір айында АҚШ мен Канадада  мыңдаған жезөкше әйел шеруге шықты. Оған себеп болған дүние - канадалық полиция қызметкері студенттерге «Денсаулық және қауіпсіздік» тақырыбында лекция оқып тұрып: «Егер әйелдер өздерін зорлап кетсін демесе, жезөкшелер сияқты ашық-шашық киінбеуге тиіс»  дейді. Іле-шала: «бірақ маған бұлай айтуға болмайды, сіздер кешіріңіздер» деп ғапу өтінеді.

Осы  сөзден кейін жезөкшелер «біздің құқығымыз қорланды» деп, Торонто,  Далласте  және Канаданың астанасы Оттавада үлкен шерулер өткізді. Міне, қызық!

Алғаш, 1978  жылы  Еуропада жүз мыңдаған гомосексуалдар мен  лесбиянкалар жиналып, көтеріліске шыққан. «Біздің құқығымыз аяққа тапталып жатыр» деп бүкіл әлемге жар салған. Олардың күресі он жылға созылды.  Биліктегі әйелдер оларды белсене қолдады.  1987 жылы оларды кемсітушілікке қарсы біржола заң  қабылданып, құқықтары қорғалатын болды.

1995    жылы Дания мен Норвегияда еркек пен еркек, әйел мен әйелдің   заң жүзінде некеге тұруға рұқсат берді. 1998  жылы Нидерландияда рұқсат берсе,  2000  жылы оларға бала асырап алуға заң шығарып рұқсат берді. Швецияда олардың RESL атты  дүниежүзілік бірлестігі бар. Арнайы газет-журналдары, киностудия, бейнеклип  шығарып, хайуаннан өткен азғындықты жарнамалайтын, жүрек айнытар  шығармалары  жетіп артылады. Швеция, Дания, Норвегия мемлекеттері оларға қаржылай көмек көрсетеді.

Еуропада  «азғындардың» құқығын қорғайтын депутаттары мен министрлері өріп жүр десе де болады. 1998  жылы   әлемдік  жас жазушылардың  байқауында, гомиктер мен лесбиянкалар және жануарлармен жыныстық қатынас жасайтын азғындар туралы жазылған шығарма бірінші орын алды. Бразилияда 2006  жылы жезөкшелердің FM желісімен «ZONA» деп аталатын  радиостанциясы ашылды. Онда жезөкшелікті насихаттап, оларды: «әлемдегі ең тәуелсіз, әдемі әрі ақылды қыздар» деп мақтайды.

Нидерландия билігі жезөкшелерге салық салуды көздеп отыр. Статистикалық мәлімет көздері жезөкшелер жылына 850 миллион доллардай пайда түсіреді деп отыр. Жеңіл жүрістілер бұл шешімге қарсы болмапты.

Біздің қайғы басқа. Жоғарыдағы үрдістер біздің елде кең етек жайып келеді. Қазір Қазақстанның барлық қалаларында жезөкшелер «ордасы» бар. Бейресми дерек көзіне сенсек, елордада жезөкшелерді ұстайтын қылмыстық топ жұмыс жасайды. Оларға құқық қорғау орындарының кейбір қызметкерлері «қамқор» болып отыр-мыс...

Қазақстанда сырттан келгендерді қоспағанда, 10 мыңнан астам жезөкше бар. Бұл - Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген транзитті жезөкшелерді есепке алмағандағы өзіміздің қаракөздер құрайтын қомақты сан. Қалың қазақтың ордасы Шымкент қаласында бір түнде 2000 жезөкше көшеге шығады.

Бір күні біздің отандық жезөкшелерде шеруге шығып, құқығымыз шектелді демесіне кім кепіл...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552