Сенбі, 30 Қараша 2024
46 - сөз 4370 6 пікір 14 Ақпан, 2019 сағат 11:44

Қайда немесе Абайдың екінші сөзіне пародия

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ орысты көрсе, күлуші еді, "өй, енеңді ұрайын, орыс, жаман сасық орыс" деп, немісті көрсе, ұрсушы еді, "оңбаған фашист" деп, американдық көрсе, жамандаушы еді, "ойдан-қырдан жиылған өңшең тексіздер" деп, қытай көрсе, даттаушы еді, "құрт-құмырсқа жеген кәпір шүршіт" деп...

Ағаларымыз аңыз қылушы еді: "Біздің ата-бабамыз сақ-ғұндар алтыннан тон киген, Еділ қаған Еуропаны еңіреткен, Мөде қаған Қытайды мөңіреткен, Күлтегін бабам көп елге үкім еткен, Шыңғыс ханымыз дүниені тітіреткен, Бейбарыс сұлтан Мысырды күңіренткен, Абылай хан екі дүниені ығыр еткен..." деп.

Сонда мен ойлаушы едім: Е, Құдай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, сорлы, байғұс екен ғой, ең тәуір, мықты, ең батыр халық біз екенбіз деп, әлгі айтылған сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім...
Енді қарап тұрсам, орыстың бізге қылмағаны жоқ, істемеген зорлығы жоқ, жасамаған өнері жоқ, немістің ойлап таппаған мәшинесі жоқ, дүниеге көрсетпеген үлгісі жоқ, американдықтың әлемде билемеген, тырнағын батырмаған елі жоқ, байлықтың, жақсылық, жаңалықтың бәрі сонда, өзіміз жек көретін қысық көз, қара қытайдың шығармаған бұйымы жоқ, бізге сатпаған нәрсесі жоқ, қазаққа істемеген қорлығы жоқ.

Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, босқа қуып сөйлемей, ғылым іздеп, мал тауып зор болғандық.
Оларға айтар сөзде жоқ, біз олардың құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Әйтпесе, "орыс құртады", "неміс шырқады", "америка жыртады", "қытай тұқыртады" деген қорқақ мінез қайдан шықты?

Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, бағанағы бөскен, күлген сөздеріміз қайда? 30 елдің қатарына енгеніміз қайда? Елдігіміз қайда? Ерлігіміз қайда? Жігіттеріміз қайда? Намысымыз қайда? Қайда бәрі?
Қайда кеткен?!

Серікбай Қылышбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1608
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3442
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6848