Сенбі, 23 Қараша 2024
4086 0 пікір 15 Ақпан, 2019 сағат 10:39

"Күйшілер одағының" отырысы өтті

Кеше, яғни 14 ақпан күні сағат Еліміздің Елордасында Қазақ ұлттық
өнер университетінде ұлттық музыканың ділі болған күй өнерін
насихаттауды мұрат қойған "Күйшілер одағының" алғашқы отырысы өтті.

Қоғамдық республикалық бірлестіктің отырысында алға қойған
мақсаты мен міндеттерін, құқықтары жайлы бірлестік төрағасы Рүстем
Нүркенов таныстырып берді. Отырысқа қатысушы қонақтар Астана қаласы
филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, күйші ҚР
еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Парасат орденінің иегері Айтқали
Жайымов, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай,
Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Еділ Басығараев, күйші
Сәрсенғали Жүзбай, ҚР Ұлттық гвардия оркестрінің мүшелері, күйшілер
Бақытжан Дүйсенғазин мен күйші Әбілғазы Ахмадиев, күйтану саласында
еңбек етіп жүрген музыкатанушы ғалымдар Гүлнар Альпеисова, Раушан
Малдыбаева, Айгүл Байбек, сонымен қатар арнайы Солтүстік Қазақстан
облысы мен Қарағанды облысынан да азаматтар келді.

Отырыста айтылған ұсыныстар: күйшілер мәртебесін көтеру, отандық
және шетелдегі күйшілердің басын бір арнаға қосу, күйтану саласы бойынша
сараптамалық ұйым құру, талқылау кеңесін құру, "Алтын қорда" сақталған күйлерді реттеу үшін арнайы маман даярлау және күйдің табиғи дыбысын бұзбайтын студия ашу, сонымен қатар ортақ жеті мектепті бірдей насихаттау, бірдей жинақтау. Отырыстың соңында қазақи дәстүрмен Айтқали
Тілепқалиұлы Одаққа өз батасын берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498