Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4086 5 пікір 18 Ақпан, 2019 сағат 11:42

Алматының таксиі

Алматыға сағынып жетесің. Уақыт тығыз. Жанталасып жүріп үлгеруге тырысасың. Немерелерімді «Мегаға» кіргізіп жіберіп, енді достарыма асықтым. Қос Серікті көріп кетпесем болмас... Әсіресе, Серік Жанболатты! Мен Астанаға кеткелі жалғызсырап қалғанын қабағынан сезіп жүрмін. Жол жиегіне шығып, қол көтергенім сол еді, төбесінде «такси» деген жазуы бар «Жигули» шиқылдатып тоқтай қалды. Алпысты алқымдап қалған, қырма сақал қазақ.

-Ассалаумғалейкум! Шаляпин-Мате Залка!
-Не дейсің?
Баратын жерімді бұл жолы қаттырақ айттым. Естіді. Ақшасын да екі-үш рет айқайлап айтуға тура келді. Әйтеуір, түсіністік. Мініп алдым. Түнгі Алматымен ызғытып келеміз. Таксистің құлағы шынымен дұрыс естімейді екен. Арт жақта отырып өзіме телефон шалғандарға жауап бергенде байқадым, менің дауысым естілген сайын таксисім басын шұлғып, маған бірдеңелерді айтып жатты. Сірә, өзіне сөйлеп отыр десе керек!
Ызғытып баратын жерге де жетіп қалдық. Саңырау ағамды жеңінен тартып жатып әзер тоқтаттым. Дұрыс тоқтамады-ау деймін, арт жақ азан-қазан болып, сигналдар безілдеп жатты. Таксиші былқ еткен жоқ. Естімесе қайтеді...

-Аға,міне ақшаңыз!-дедім түсуге ыңғайланып жатып,-Келіскендей,қайтарымсыз!
-Әй, тоқта!-деді саңырау ағамыз,-Менің көзім де көрмейді. Мынауыңды дұрыстап көріп алайын...
Мәшинесінің ішкі шамын жағып, асықпай ақшаны аударып,төңкеріп қарады.
-Бәрібір көрінбейді,-деді бір кезде,-Иманжүзді екенсің,алдамассың,бара бер!
Шошып кеттім. Өзі соқыр, әрі саңырау...Қалай жүр?
...Серік Жанболат күтіп тұр екен. Болған жайды асығып айтып жатырмын. Мырс етті.
-Әй, сен де!.. Алматының нағыз таксишісін мен кеше көрдім,-дейді,- Такси тоқтатқанмын. Рөлде отырған жігіттің сол қолы гипс! Сау оң қолымен мәшинесін айдап келеді. Ол бәлесі механика екен! Жылдамдық ауыстырғанда рөлді жібере салады. Жанымды шүберекке түйіп әзер отырғанмын. Бір кезде әлгінің ұялы телефоны шыр ете қалды. Сабазың енді сау қолымен телефонды ұстап, ар жағына жауап беріп, мәшинені шынтағымен айдауға көшті! Алматының қақ ортасында! Жүрегім тас төбеме шықты. Жалма-жан тоқтатып, ақшасын беріп ,түсіп қалдым...

Күлеміз-ау! Негізі күлетін нәрсе емес! Екінің бірі таксиші! Екінің бірі таксишілміз... Алып қалаларда мыңдаған такси мен таксишілер...Олар кімдер? Кім қадағалап жатыр? Ертең бір сұмдық жағдай болғанда ғана есімізге түсетін шығар?...

Арман Сқабылұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480