Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3079 0 пікір 15 Маусым, 2009 сағат 07:45

Ағылшын тілі миллионыншы сөзбен толықты. Ал қазақ тілі ше?

Өткен жұма күні британдық The Times газеті ағылшын тілінің сөз қорын зерттеумен айналысатын Global Language Monitor веб-сайтына сілтеме жасай отырып, осы тілдің миллионыншы сөзбен толыққаны туралы хабардар етті. Global Language Monitor веб-сайтының басшысы Пол Пейяктың айтуынша, «миллионыншы сөздің пайда болуы шын мәнінде әлемдік тілге айналған ағылшын дәуірінің басталғанының айқын көрсеткіші» деп мәлімдеді.
Global Language Monitor қызметінің тек қана ағылшын жерінде қалыптасқан сөздерді зерттейтін әйгілі Оксфорд сөздігінен басты айырмашылығы – ол бүкіл дүние жүзінде шығып жатқан ағылшын тілді барлық басылымдар мен сайттардың мазмұнын зерттеп, соларда пайда болып жатқан жаңа ұғымдар мен сөз тіркестерін жинап, оларға түсініктеме беріп, мамандардың арасында талқыға салып отырады. Сайттың хабарлауынша, ағылшын тіліне енген миллионыншы сөз «Web 2.0» сөз тіркесі болып табылады. Бұл сөз бүгінгі әлемтордағы жаңа буындық технологиялар мен қызметтерді түсіндіру, айқындау үшін қолданылады.

Өткен жұма күні британдық The Times газеті ағылшын тілінің сөз қорын зерттеумен айналысатын Global Language Monitor веб-сайтына сілтеме жасай отырып, осы тілдің миллионыншы сөзбен толыққаны туралы хабардар етті. Global Language Monitor веб-сайтының басшысы Пол Пейяктың айтуынша, «миллионыншы сөздің пайда болуы шын мәнінде әлемдік тілге айналған ағылшын дәуірінің басталғанының айқын көрсеткіші» деп мәлімдеді.
Global Language Monitor қызметінің тек қана ағылшын жерінде қалыптасқан сөздерді зерттейтін әйгілі Оксфорд сөздігінен басты айырмашылығы – ол бүкіл дүние жүзінде шығып жатқан ағылшын тілді барлық басылымдар мен сайттардың мазмұнын зерттеп, соларда пайда болып жатқан жаңа ұғымдар мен сөз тіркестерін жинап, оларға түсініктеме беріп, мамандардың арасында талқыға салып отырады. Сайттың хабарлауынша, ағылшын тіліне енген миллионыншы сөз «Web 2.0» сөз тіркесі болып табылады. Бұл сөз бүгінгі әлемтордағы жаңа буындық технологиялар мен қызметтерді түсіндіру, айқындау үшін қолданылады.
Осы тұрғыда ана тіліміз бен орыс тілі туралы деректерге назар аудару керек сияқты. Мысалы, тілтанушы Сергей Шаровтың дерегіне сенсек,  «әлемдік» тілдердің қатарына кіретін орыс тілінде 259197 сөз бар екен. Оның ішінде ең көп тараған 1000 сөз кез-келген мәтіннің 64 пайызын құраса, ең көп тараған 2000 сөз – мәтіннің 72 пайызын, ең өп тараған 5000 сөз – мәтіннің 82 пайызын құрайды. Шаровтың айтуынша, орыс тіліндегі ең көп қолданылатын 93 447 сөз барлық мәтіндердің 99,0238 пайызын құрайды. Басқаша айтсақ, орыс тілінде емін-еркін сөйлеп, ең күрделі ғылыми не әдеби мәтіндерді жазу үшін 94 мың сөзді білсе жетіп жатыр.
Тағы бір белгілі тіл маманы Михаил Эпштейннің хабарлауынша, кеңес заманында жарық көрген барлық сөздіктерде (оның ішінде он жеті томдық Ушаковтың академиялық сөздігінде) орыс тілінің сөздік қоры небары 125 мың сөз бен сөз тіркестерімен шектеледі екен. Эпштейннің сөзіне сенсек, бүгінгі орыс тілі ағылшын тіліне ілесе алмай келеді. Оол аз ба, орыс тілі революцияға дейін жарық көрген В.Даль сөздігіндегі (220 мың сөз) көптеген сөздер мен сөз тіркестерінен айырылып қалған. Оның қасында ағылшын тілінің даму қарқыны жылдан жылға өсіп келеді. Мысалы, 1961 жылы жарық көрген Уэбстер сөздігі ағылшын тілінде 450 мың сөз бар деп көрсетсе, 1992 жылғы Оксфорд сөздігі Шекспир тілінің сөз қорының 500 мыңнан асқандығын паш етті. Бүгінгі күні баспадан шығып жатқан сөздіктер таза ағылшын тілінің «байлығы» 750 мыңнан асқандығы туралы ақпарат береді (бұл басқа ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді есептемегенде!). Қазіргі неміс және француз тілдерінде әр түрлі деректер бойынша 185 мыңнан 450 мыңға дейін сөз бар көрінеді.
Бүгінгі қазақ тіліне келетін болсақ, 1953 жылғы академиялық сөздік оның қорын 180 мың деп межелесе,  1972 жылға қарай оның ауқымы 2 миллион 550 мыңға дейін өскен (барлық сөз формалары мен тіркестерді қосқанда). Бірақ, бұл деректермен біз өзімізді жұбата алмасымыз хақ. Егер жоғарыда аталған ағылшын не орыс тіліндегі сөздерді жіктей берсек олардың сөздік қоры қазақ тілінен бірнеше есе асып кетері айдан анық. Шынын айтайық, бүгінгі қазақ тілі ғылымның, саясаттың, экономиканың, бизнестің тіліне толық айналып біткен жоқ. Оны дамытудың мүмкіншіліктері мен ресурстарын біздер дұрыс, тиімді қолданып отырған да жоқпыз. П.Вяземскийдің сөзімен айтсақ, біздің тіліміз «үйінде ат басындай сандық-сандық алтынды тығып, көшеде жүргенде мінген көлігі үшін мыс ақша таба алмай қалатын шіріген байға ұқсайды. Осы себепті де көрінгеннен қайыр сұрауға дайынбыз». Тілімізді дамыту үшін біз ең алдымен өзіміздің тарихи, әдеби мұрамызға үңілуіміз керек. Екінші кезекте ағыйындас түрік халықтарының тілдік шығармашылығымен танысып, солардың озық ойлы, алдыңғы қатарлы нұсқаларын өз тілімізді дамыту үшін пайдалануымыз керек. Үшінші кезекте біздер шетел сөздері мен сөз тіркестеріне жүгінуіміз абзал.
Тіл сөзден құралса да, сөз тілден бастау алады. Тілді қалыптастыратын ой мен іс емес, тіл ой мен істі қалыптастырады. Ғұлама философ Людвиг Витгенштейн «менің тілімнің шекарасы менің дүниемнің шекарасы болып табылады» деп айтқан екен. Әрбір тілдің дамуы өз заманына сай кез-келген күрделі ұғым мен құбылысты адекватты түрде суреттеп, сипаттап, баршаға бірдей түсіндіре алуына тікелей байланысты. Тіл өзгермей — заман өзгермейді. Тіл реформаланбай — тірлігіміз баянды болмайды. Адамдардың ойлау тәсілі өзгермей, дүниені түйсіну әдістері өзгермей, ештеңе де өзгермейді. Бұл аксиома! Одан қорқудың, үркудің еш қажеті жоқ. XVI ғасырда өмір сүрген бабамыз ХІХ ғасырдағы Абайды толық түсінбесе, ХІХ ғасырдағы Абай бүгінгі біздердің тілімізді түсінбей қалуы мүмкін. Себебі заман өзгерген сайын тіл де өзгеріп, құбылып тұрды. Мысалы, мамандар мынадай деректерді келтіреді: Шекспир өз туындыларын жазу үшін тек қана 15 мың сөзді қолданыпты; Пушкин шығармаларының сөздік қоры 21197 сөзбен шектеледі екен; Ленин пролетариатты төңкеріске дайындап, социализм елесін ояту үшін 31 мың сөзді пайдаланыпты. Әйгілі Әуезовтың «Абай жолы» романында нобайы 16893 сөзді табуға болады екен. ХХІ ғасырда тұрған біздер «тіл тазалығын» сақтаймыз деген желеумен ойлау қабылетіміз бен менталитетімізді ХІХ ғасырдың аяғы не ХХ ғасырдың басындағы деңгейде қалдыра берер болсақ, заман көшіне ілесе алмаймыз.   
Бүгінгі күні бізге жетпей жатқан дүние — тоқсаныншы жылдардың басындағы тіл саясатындағы белсенділік. Мысалы, тарихшы Карамзин өмірінің соңына дейін орыс тіліне «промышленность» деген сөзді енгіздім деп мақтанса, ғұлама Достоевский тілімді «стушеваться» деген жаңа сөзбен байыттым деп ағынан жарылыпты. Алдағы жиырма жылда тілдік қорымызды кем дегенде 400 мыңға жеткізу керек деген меже қоятын болсақ, қазақтың зиялысымын, тілімнің болашағын ойладым деген әрбір азамат кем дегенде бір жаңа сөз бен сөз тіркесін айналымға енгізуі керек.

 

 

Айдос Сарым, «Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652