Қазақстан мен Ресейде қара жұмыс істеп жүрген түріктер неге көп?
Басқа қалаларды айтпағанның өзінде Алматы қаласының Миграциялық полиция бөлімінің қызметкерлері жыл сайын «Мигрант», «Нелегал» операциялары нәтижесінде 100-деген заңсыз жүрген түрік жұмысшыларын ұстап алып, депортациялап жатқандықтары туралы БАҚ арқылы хабардармыз.
Бұл сұрақты қатардағы қарапайым алматылықтар бір-біріне жиі қоятын болып жүр. Себебі қаланың көшелерінде, базарларда, дүкендерде, құрылыс салынып жатқан жерлерде түрік азаматтарымен бетпе-бет жиі кездесетін болып жүрміз. Қайда барсаң түрік, немене осылардан басқа жұмыс істейтін адам табылмай қалды ма деп кейіп, наразы болып жүрген талай қарапайым жұмысшы қазақ баласын көзіміз көрді. Алматы қаласының Миграциялық полиция бастығы Айкелді Асановтың мәлімдеуінше алмаатыда қазіргі таңда 134 мың жұмысшы мигранттар жұмыс істеп жүр. ІІМ Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша үстіміздегі жылдың 11-13 май аралығында өткізілген «Нелегал-2011» операциясы бойынша 3 күнде 12 659 заңсыз жүрген шетелдік ұсталған.
Басқа қалаларды айтпағанның өзінде Алматы қаласының Миграциялық полиция бөлімінің қызметкерлері жыл сайын «Мигрант», «Нелегал» операциялары нәтижесінде 100-деген заңсыз жүрген түрік жұмысшыларын ұстап алып, депортациялап жатқандықтары туралы БАҚ арқылы хабардармыз.
Бұл сұрақты қатардағы қарапайым алматылықтар бір-біріне жиі қоятын болып жүр. Себебі қаланың көшелерінде, базарларда, дүкендерде, құрылыс салынып жатқан жерлерде түрік азаматтарымен бетпе-бет жиі кездесетін болып жүрміз. Қайда барсаң түрік, немене осылардан басқа жұмыс істейтін адам табылмай қалды ма деп кейіп, наразы болып жүрген талай қарапайым жұмысшы қазақ баласын көзіміз көрді. Алматы қаласының Миграциялық полиция бастығы Айкелді Асановтың мәлімдеуінше алмаатыда қазіргі таңда 134 мың жұмысшы мигранттар жұмыс істеп жүр. ІІМ Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша үстіміздегі жылдың 11-13 май аралығында өткізілген «Нелегал-2011» операциясы бойынша 3 күнде 12 659 заңсыз жүрген шетелдік ұсталған.
Түркиядан келген заңсыз жұмысшылар Ресей Федерациясының заңын бұзып отыр. Биыл Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы арасындағы мемлекетаралық келісімнің негізінде визаның алынып тасталуынан кейін жұмыссыз қалған түріктер Москваға тіпті ағылып келе бастады. Бұл туралы www.turkrus.com және www.turkkazak.com ақпараттық сайттарының тілшілері осы виза алынып тасталғаннан кейінгі Москваға алып ұшып келген бір түрік отбасының жағдайын былай баяндайды:
- Біздің тілшілер таңертең Москвадағы 7-Ростовский переулоктағы Түркия елшілігінің алдына келгенде есіктің алдында шабадандарының үстінде ұйықтап жатқан бір жанұяның адамдарын көрді....(суреттегі кісілер)
Измирден Стамбулға пересадка жасау арқылы Москваға жолаушы ұшағымен ұшып келген бір үйдің 4 адамы: жасы 60-қа таяған бір кейуана, оның 40 жастағы жесір қызы және сол әйелдің 19 және 4 жастағы екі ұл баласы. Не болып қалды, қандай жағдайға душар болдыңыз? - деген тілшілердің сұрағына, әлгілер адам сенер-сенбестей мынадай бір қызық бастан кешкен хикаяларын айта жөнеледі.
Күйеуінен ажырасып кеткен Шениз Севинч деген измирлік әйел, Нермин Уфук деген қарт анасы және Мұстафа (19 жаста) мен Осман (4 жасар) атты екі ұлымен бірге «Жұмыс іздеп, жаңа өмірді жаңа жерде бастау үшін Москваға келіпті»!
Мұстафа деген ұлдары кәсіптік лицейді моторист мамандығы бойынша бітірген екен, зауытта слесарь болып жұмыс істеп жүргенде қысқартуға іліккен. Әжесі Нермин Уфук қарттау болса да, жас кезінде талайды көрген әккі, Германиядан бастап Францияға дейін біраз елдерде гастарбайтер болып жұмыс істеп қайтқан, мамандығы бойынша бояу цехының маляры екен.
Измир қаласында жағдайлары нашар еді. Мұстафа ұлы жұмыссыз қалғаннан соң тіпті жағдайлары ауырлап кеткен. Түркидан үміттерін үзіп, шетелге кетеміз деп шешім қабылдаған. Сол кездері Ресеймен арадағы визаның алынып тасталғанын естіген. Анкарадағы Ресей елшілігіне қоңырау шалып сұраса, Ресей елшлігіндегілер турист ретінде визасыз баруға болады, бірақ жұмыс істеу үшін барар болсаңыз жұмысшы вимзасын алуыңыз керек деп ескертеді.
Бірақ измирден шыққан бұл кісілер айтқанынан қайтпады. Неге Ресейге тартып тұрғыларыңыз келді? деген сұраққа, қарт ана Нермин Уфук : - «Негізі біз ең әуелі Африка елдеріне баруды қаладық. Бірақ ол жерде түрік фирмалары көп емес қой. Ресейге барсақ ондағы түріктер біздің жұмыс тауып алуымызға көмектесер деп ойлағанбыз... »
Содан соң визасыз режимді пайдаланып Москваға келіп алғаннан соңғы басынан өткендерін айтып берді: «Әуежайда бір таксиге отырдық. Бізді бір қонақүйге апарыңыз дедік. 50 доллар сұрады. Бердік. Бізді әуежайдың ауданында біраз айналдырып алып жүріп, ақыры сол маңдағы бір жерге әкеліп тастапты. Алданғанымызды білген соң Түрік елшілігіне барайық деп ойладық.. Содан тағы бір таксиге мініп әупіріммен таң атар атпас осы елшіліктің алдына келдік. Шабадандарымыздың үстінде ұйықтап елішіліктің ашылуын күтіп жатқан едік. Қалтамызда 3 мың рубль (шамамен 110 доллар) ғана ақшамыз қалды. Не қыларымызды білмейміз. Әйтеуір елшіліктің жәрдемімен Измирдегі туысқандарымызға қоңырау шалдық. Өйткені қайтар жолға билет алатын ақшамыз да жоқ. Билетімізді ала алсақ кері қайтамыз....» Оқиғалардан бейғам, алаңсыз ойнап отырған 4 жасар ұлдары ғана.
Міне визасыз Ресейдің алғашқы тұтқындарының хикаясы осылай. «Айдалада батпан құйрық, ол не қылып жатқан құйрық?» демекші, жұмыссыз гастарбайтер түрік азаматтары осылайша әлем елдеріне жапа-тармағай кетіп жатыр. Бұл бір ғана мысал, БАҚ назарына іліккен бір ғана жағдай. Бірақ мұндай оқиғалар толып жатыр. Қазақстанда, оның ішінде Алматы қаласында жыл сайын Миграциялық полиция бөлімінің есептерінде көптеген түрік азаматтарының визасыз жұмыс істеп жүргендігі, ұсталып еліне қайтарылғаны жазылып та, айтылып та жүр.
Түрік азаматтарының Қазақстан мен Ресейге топ тобымен, тайлы тұяғымен ағылуының себебі неде? Әрине бірінші және басты себебі Түркиядағы жұмыссыздық мәселесі. Бұл осы елдің үкіметінің ең бір бас ауыртатын шаруасы. Түрік Статистикалық Комитетінің ақпаратына 2010 ж. жыл соңындағы қортындысы бойынша қарағанда бұл елдегі жұмыссыздардың саны 3 миллион 46 мың адам (!), яғни жалпы пайыздық көрсеткіші 11,9 болды. Бұл қайта 2009 жылғы көрсеткішке қарағанда азайған түрі, 2009 ж. қортындысы бойынша жұмыссыздық 14 пайыз болған. Елдегі онсыз да тұрмысы ауыр отбасылар тамақ табу қамымен ең ауыр және ең лас жұмыстарды атқаруға дайын. Жұмыссыздық пайызы жоғары елдерде әлеуметтік жағдай тұтанып кеткелі тұрған өрттей болатыны белгілі. Жұмыссыздар ел үкіметіне үміт артудан күдер үзген, шетелден жұмыс тауып беремін деген фирмаларға жалданып жердің түбі болса да Африка мен Америкаға кетуге дайын. Елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге Реджеп Таип Ердоған үкіметі барлық шараларды қарастыруда. Бұл шаралар қайта оқыту курстарын ашуға, жаңа жұмысқа орналастыруға, сонымен бірге әрине шетелге барып жұмыс істегісі келетін азаматтардың бетін қайтармауға, қайда барамын десе де еркіне қоюға бағытталған. Мемлекетаралық келісімдер арқылы алыс-жақын шетелдермен визасыз режимдерге өту Түркияның қазіргі үкіметі үшін өте ыңғайлы. Бұл бір жағынан түрік бизнесіне жол ашады, екінші жағынан елдегі басы артық жұмыссыздардың сол елдерге барып табыс табуына жол ашады. Ердоған үкіметінің билік басында қалуы үшін алға қойған мақсатының бірі елдегі жұмыссыздық пайызын азайту болып отыр.
«Абай-ақпарат»