Сенбі, 23 Қараша 2024
2831 0 пікір 22 Ақпан, 2019 сағат 11:12

Үкіметте Азаматтардың табысын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаевтың төрағалығымен еліміздің азаматтарының табысын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында өңірлердегі оперативті штабтарға, сондай-ақ аулаларды аралау кезінде жұртшылықтан келіп түскен ұсыныстарды іске асыру тетіктері қаралды. Жалпы, 14 мың өтінімге талдау жасалды. Халықтың әлсіз топтарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында мектепте тегін тамақ беру, жеңілдік берілген жол жүру ақысы, мектеп формасымен және оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу және т. б. жеңілдіктерден тұратын әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтердің бірыңғай стандартты пакеті әзірленеді. Сонымен қатар, жекелеген облыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір өңірге қатысты баспанамен қамтамасыз ету, білім беру және медицина қызметтеріне қолжетімділік және т. б. салаларда нақты іс-шаралардан тұратын әлеуметтік карталар әзірленеді.

Халықты баспанамен қамту, арендалық тұрғын үй құрылысын ұлғайту, тұрғын үй сертификаттарын беру, оған қоса, үй-жайлардың өмір сүруге жарамдылығын тексеру арқылы тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мәселелеріне назар аударылды.

Отырысқа «Нұр Отан» партиясының, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, селектор режимінде — ұлттық экономика, білім және ғылым, қоғамдық даму министрліктерінің, сондай-ақ, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Айта кету керек, мәселелерді талқылауға сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне және облыстардың әкімдіктеріне әлеуметтік жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту мүмкіндігіне қатысты қажетті есептерді аяқтауды тапсырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика, ішкі істер министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үй жағдайларының сапасын реттеу саласында қажетті заңнамалық өзгерістерді пысықтау тапсырылды. Бұдан өзге, қоғамдық даму, денсаулық сақтау министрліктеріне ҮЕҰ-ның мәселені талқылау кезінде айтылған ұсыныстарын пысықтау тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387