АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Түркия презиленті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен соң, осындай шешім қабылдағанын жариялаған. Соған байланысты АҚШ-ың халықаралық коалиция құрамына кіретін еуропалық одақтастары да жүздеген жауынгерін Сирияда қалдыра алады.
Әзірге 200 америкалық жауынгердің Сирияда нақты қанша уақытқа қалатыны, қайда орналасатыны белгісіз.
АҚШ президенті америкалық әскердің Сириядан шығарылатынын өткен жылдың соңында жариялады. Трамп шешіміне наразы болған қорғаныс министрі Джеймс Мэттис отставкаға кетті, Пентагондағы бірқатар шенеунік сонымен бірге кетті.
Трамп бәсекелестері америкалық әскердің бірден шығарылуынан Сирияның солтүстігіндегі күрд қарулы күштеріне қауіп төнеді. Түркия оларды терроризмді қолдады деп айыптап, жергілікті күрдтерге қарсы әскери операция бастауға дайын екенін бірнеше мәрте мәлімдеген.
Abai.kz