Елбасы 8-наурыз мерекесі қарсаңында көп балалы аналармен кездессе керемет болар еді...
Елбасының жылда 8 наурыз мерекесі қарсаңында қыз-келіншектерді жинап, құттықтайтын жақсы дәстүрі бар ғой.
Бірақ жылда төрт құбыласы тең чиксалар мен қуыршақтар барады сол жиынға.
Тізімді жасайтын кім екен?..
Президент аппараты ма?
Биыл көп балалы Аналарды, жалғызбасты, жесір, мүгедек яки мүгедек бала бағып отырған Аналарды қабылдап, солардың көңілдерін бір көтеріп қойса, мәселелеріңізді шешемін деп сөз берсе, соның өзіне Аналар, Әйелдер мәселесі шешілгендей қуанар еді ғой...
ПА жетекшісінің құлағына алтын сырға...
Әлі де кеш емес...
Тізімдеріңізді бір шолып, ырымға болса да, бір-екі көп балалы Анаға, бір-екі жалғызбасты Анаға, бір-екі мүгедек Анаға, бір-екі мүгедек бала бағып отырған Анаға, Елбасы қабылдауына кіргізіп, сол кісінің қолымен мерекелік сыйлық ретінде пәтер кілтін табыстасаңыздар, ол кісі айтса, "эстафетаны Үкімет, облыс, қала әкімдері жалғастырады" деп, қандай керемет болар еді!
Сол мереке қарсаңында үкімет те, әкімдер де өз өңірлерінде сондай жомарт пейіл танытып, "щедрый жест" жасаса...
Мен де тыныш, құда да тыныш, құдағи да тыныш демекші...
Бұл да саясат қой... элементарный саясат... сайлау алдында осындай құнды кеңесті сіздерге ешкім айтпаған болса, мархабат, бұл идеямды да тегін берем...
Сіздерден аяғанды ит жесін...?
ПАның, Елбасының құлағына ертерек жетсін десеңіздер, бөлісіп жіберіңіздер. Кім біледі, "жаманның сандырағы келеді" деген...
Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан
Abai.kz