Біз өзгерісті қалап едік...
Қазақстан темір жолын мешел, әрі коррупцияға батып қалған компанияға айналдырып жіберген Маминді жақсы менеджер деп айта алмаймын. Демек президент уәде еткендей ешқандай өзгеріс болмайды. Мызғымас бір орында тұратын тұрақтылық болады деген сөз.
Маминның кандидатурасын президент параламенттің кіші палатасына ұсынғанда, бір-де бір депутаттың қарсы шықпағаны таң қалдырады. Қойлар бірыңғай келісе салған.
Осы уақытқа дейінгі жүйе, жүйе болып қалады. Коррупция да арта түседі. Жұмыс істемейтін бағдарламаларды қабылдап, іс-шара өткізіп жүре беретін болыппыз. Ал біз өзгерісті қалап едік. Өкінішті.
Абзал Досымның facebook парақшасынан
Abai.kz