Жұма, 22 Қараша 2024
3944 4 пікір 26 Ақпан, 2019 сағат 11:24

АҚШ Бакиев отбасы ұрлаған 4,6 млн долларды қайтарады

АҚШ Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев отбасы ұрлаған 4,6 млн долларды халқына қайтарып бермек. Осылай деп АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс мәлімдеді.

АҚШ соты Бакиев президент болып тұрғанда оның отбасы ұрлаған 6 млн долларды тәркілеу туралы шешім шығарған.

Қырғызстан үкіметі заңгерлер арқылы АҚШ-тан тәркіленген ақшаны қайтаруды сұраған. 2018 жылдың қазан айында АҚШ-тың әділет министрлігі Қырғызстан өтінішін қанағаттандырған. Бірақ 6 млн доллардан тек 4,6 млн долларын ғана қайтара алады.

«Бұл қаржыны қайтару екі елдің қарым-қатынасындағы маңызды оқиға. Мұны АҚШ-тың Сооронбай Жээнбековтің коррупцияға қарсы күрес кампаниясына қолдау көрсетуі деп біліңіздер», - деді Элис Уэллс.

Уэллс қайтарылған қаржы аймақтарды таза сумен қамтамасыз ету үшін, тұрғындарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін, қоғамдық бақылауды күшейту үшін жұмсалатынын айтты.

Құрманбек Бакиев Қырғызстанды 2005-2010 жылдары басқарды. Ол 2010 жылдың көкек айында 80 адамның өліміне алып келген революция нәтижесінде биліктен кетті. Бакиев қазір Беларусь астанасы Минскте тұрып жатыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322