«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтеді
Ертең, Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді. Бұл съезд партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия Саяси кеңесінің құрамын жаңарту қатарлы мәселелер қаралады деп жоспарланып отыр.
Елдегі бас партияның басты жиналысы алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкеннің пікірін білген едік.
- «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығында қандай шаралар өткізіледі?
«Нұр Отан» партиясы соңғы 20 жыл ішінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарының тиімді жетекшілерінің бірі бола алғаны белгілі. Съездің шақырылуы қоғам тарапынан саяси мəні зор оқиға ретінде қарастырылуда, себебі Елбасы саясатын қолдауда, мемлекетіміздің əлеуметтік-экономикалық бағытын айқындауда өзінің белсенді əрекетімен танылып, халық сеніміне селкеу түсірмей келе жатқан партияның съезіне ешкім де бейжай қарамайтыны анық.
Қоғамды одан əрі демократияландыруды көздейтін экономикалық жəне саяси реформаларды жүзеге асыруды, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруді, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуді, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайтуды, өскелең ұрпақты ел-жұртымызды сүюге, ұлттық құндылықтарымызды бағалап, қадірін білуге үндеуді басты мақсаты санайтын, сондай-ақ, осы бағыттағы нəтижелі жұмыстарының арқасында ел сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясы қазіргі дағдарыс жағдайында халыққа одан сайын жақындап, осы алған бағыттан тайынбай, алған қойған мақсаттарға жете бермек.
- Партияның 20 жылда атқарған істері, жетістіктері мен кемшіліктерін сараптап көрсеңіз...
20 жыл бойы партия жақсы нәтижелерге қол жеткізді, 1998 жылдың 21 қазанында «Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб» қоғамдық бірлестігі құрылды. Қысқа уақыт ішінде 14 облыста және Астана, Алматы қалаларында 16 облыстық партия ұйымдары, 204 аумақтық партия ұйымдары мен партияның 150 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін 6,600 бастауыш партия ұйымдары құрылды.
2006 жылғы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының Х-шы кезекті съезінде Аграрлық және Азаматтық партиялар біріктірілді. Жаңа партия «Нұр Отан» атауын алды. Осы орайда Президент Н.Назарбаев: «Партиялардың бірігуі Қазақстан алдында тұрған жаңа стратегиялық міндеттерге сәйкес келеді және біз барлық қоғамның күш-жігерін жұмылдыру, көшбасшылық психологияның жаппай көріністері болған жағдайда ғана біздің мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз» деген болатын.
Партияның кезекті тыс съезінде 2019 жылдың 27 ақпанында партиялық қызметтің жаңа векторы анықталады, партияның жарғысы мен бағдарламасы жаңартылады.
-Ертеңгі болатын съез туралы кеңірек айтасаңыз. Онда не айтылады? Съезден Сіз не күтесіз?
Съезге қатысу үшін республикамыздың барлық өңірлерінен келген делегаттарды күтіп алу ісі өз деңгейінде ұйымдастырылды. Жалпы съезге қатысу үшін республикамыздың түкпір түкпірінен 2000-нан астам делегаттар жиналмақ. Мəселен, кеше Қостанай облысынан келген делегацияны күтіп алуға біз де куə болдық. Қостанайлық делегаттар мен сұхбаттасу барысында олардың съезд жұмысына қызу дайындықпен келгені анық аңғарылып тұрды. Олардың барлығы да осынау айтулы жиынға қатысуға мүмкіндік алғандарына дəн риза екендерін сөз ете келіп, ондағы қаралатын мəселелердің еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін өте маңызды екені бәрімізге мәлім.
Жалпы, елімізге танымал беделді азаматтар, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық Қаһарманы» атақтарының иегерлері, əр түрлі сала мамандары, ірі кəсіпорын жетекшілері, ғылым жəне шығармашылық интеллигенция, үкіметтік емес жəне жастар ұйымдарының өкілдері, «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы жеңімпаздары, партия филиалдарының белсенді қызметкерлері қатысып жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIІІ съезінен күтеріміз көп. Ал əзірге съезд жұмысы қалай түйінделетінін тоса тұрайық.
Abai.kz