Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2024 0 пікір 16 Маусым, 2009 сағат 07:19

Бек Датұлы. Жер қозғалса да билік қозғалмады, ал құтқарушылар өртке сусыз келді

Алматыда қатты жер сілкінісі болу мүмкіндігі көптен бері айтылып келеді. Деректерге көз жүгіртсек, 1887 жылы 8-9 балл шамасында жер сілкісіні болып 236 адамның өмірі қиылыпты. 1889 жылы күші 7-8 балл, 1911 жылы 8-9 балл жер сілкінісі болып 44 адам қайтыс болады. Жапондық мамандар осы үш жер сілкінісін сараптай келіп дәл бүгінгі күні сондай деңгейде жер сілкінсе, Алматыда адам айтқысыз ахуал орын алып, 25 мың адамға дейін шығын болатынын болжап отыр. Мамандар қауіптің алдын алудың бір жолы ретінде тұрғындардың арасында түсіндіру-сақтандыру шараларын өткізуді ұсынады. Бірақ, көпті көрген, жер сілкінісінен талай зардап та шеккен Жапония мен өз еліміздің білікті мамандарының сөзін құлағына іліп отырған билік жоқ. Мәселен, 13 маусымда Алматыда жер сілкінді. Біреулер күші 2 балл болды десе, енді біреулер 4 баллға дейін жетті деседі. Ақпарат неге бұлай әртүрлі? Себебі, билік жер сілкінгеннің өзін жұрттан жасырғысы келді. Биліктің «сүйкімді» бейнесін жасаудан жалықпайтын телеарналар мен газеттердің біреуі де адам өміріне қауіпті табиғат құбылысы туралы жақ ашып ләм демеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің жұрттан мұндай ақпаратты жасыруының өзі қылмысқа пара-пар.

Алматыда қатты жер сілкінісі болу мүмкіндігі көптен бері айтылып келеді. Деректерге көз жүгіртсек, 1887 жылы 8-9 балл шамасында жер сілкісіні болып 236 адамның өмірі қиылыпты. 1889 жылы күші 7-8 балл, 1911 жылы 8-9 балл жер сілкінісі болып 44 адам қайтыс болады. Жапондық мамандар осы үш жер сілкінісін сараптай келіп дәл бүгінгі күні сондай деңгейде жер сілкінсе, Алматыда адам айтқысыз ахуал орын алып, 25 мың адамға дейін шығын болатынын болжап отыр. Мамандар қауіптің алдын алудың бір жолы ретінде тұрғындардың арасында түсіндіру-сақтандыру шараларын өткізуді ұсынады. Бірақ, көпті көрген, жер сілкінісінен талай зардап та шеккен Жапония мен өз еліміздің білікті мамандарының сөзін құлағына іліп отырған билік жоқ. Мәселен, 13 маусымда Алматыда жер сілкінді. Біреулер күші 2 балл болды десе, енді біреулер 4 баллға дейін жетті деседі. Ақпарат неге бұлай әртүрлі? Себебі, билік жер сілкінгеннің өзін жұрттан жасырғысы келді. Биліктің «сүйкімді» бейнесін жасаудан жалықпайтын телеарналар мен газеттердің біреуі де адам өміріне қауіпті табиғат құбылысы туралы жақ ашып ләм демеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің жұрттан мұндай ақпаратты жасыруының өзі қылмысқа пара-пар. Ал,  «Жер сілкінісіне шыдай алмайтын ғимараттар қандай?» деген сұраққа мамандар былай жауап береді: «ең қауіпті баспаналар саман кірпіштен соғылған үйлер, сосын кірпішпен апталған ағаш үйлер, үшінші 1998 жылға дейін салыныған темір-бетоннан құрастырылған үйлер, осылай ретімен кете береді. Алғашқы үш категориядағы баспаналарда негізінен қазақтар тұрады. Демек, баяғы сорлы қазақ елден бұрын қырылып қалады деген сөз. Билік халқынан қажетті ақпаратты жасырып жұрттың қатерге басын байлап отыр. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов екеуінің  сенбі күні болған жер сілкінісінің әсерін білуге   дүйсенбіде әрең қолдары тиді. Сенімді бір дерек көзіне сүйенсек, Серік Үмбетов жұма, яғни маусымның 12 күні Алматыға келіп Алатау шипажайындағы моншаға буланып, ертесінде еліне қайтпай қалған көрінеді. Талдықорғанның тап іргесіндегі Текелі қаласында қабырғалары қақ айрылған үйлерді барып көруге асықпаған себебі де содан болса керек,  Әкімдер осылай етсе, өңгелерге не жорық?!
Жалпы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің жұмысы сын көтермейтіні жиі айтылып жүр. Мысал керек пе? Міне, күні кеше қаланың дәл орталығындағы былайғы жұрт «маталар үйі» деп атап кеткен «Қызыл таң» сауда үйі өртке оранды. Жалын тілі лап ете қалғанда-ақ өрт сөндірушілерге хабар түскен. Іле-шала екі өрт сөндіргіш машина келіп жетеді. Бұл кезде жертөледегі қойма жанып жатқан. Масқара болғанда келген екі машинада да су болмай шықты. Сөйтіп жұрт әрі-сәрі болып абдырап тұрған 25-30 минутта өрт тілі бірінші қабатқа көшкен. Қосымша күш келіп өртті сөндірушілер іске кіріскенде бәрі кеш еді. Бір ғасырға жуық қаланың көркіне әр беріп келген тарихи ғимараттың әп-сәтте іші тып-типыл болып жанып, сыртқы қаңқасы ғана қалды. Сәулет ескерткішлерінің қатарына жатқызылған бұл ғимаратты биыл қалпына келтіру үшін қазынадан қыруар қаржы бөлінген еді. Міне, қайран қаржы осылайша отқа оранып жанып кетті.
Осындайда адамға әртүрлі ой келеді. Мүмкін ғимараттың түгі қалмай жанып кетуіне әлдекімдер мүдделі болған шығар. Қолайлы жерде орналасқан ғимаратқа көз сүзуішлер аз емес еді. Солардың нұсқауымен алғашқы жеткен машиналар сусыз келуі мүмкін-ау. Бұл енді жай күмәнді ой ғана. Алайда, жел соқпаса шөптің басы қимылдамайтыны белгілі ғой.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641