Оспан РАҚЫМБЕК. Дүтбаев қамала ма?
Осы аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір «Қазатомпром» Ұлттық компаниясының вице-президенті Нартай Дүтбаевтың төбесіне қара бұлт төнгені туралы сыбыс шықты. Мұхтар Әбіләзовке жақын ақпарат көздерінің таратқан ақпаратында қаншалықты шындық бары белгісіз. Алайда, Дүтбаев туралы әңгіме дүрілдеп тұр.
Бүгінде, жаппай тұтқындаулар науқаны жүріп жатқан кезде шағыстырулар мен адастырулар сияқты саяси ойындардың да қыза түсетіні белгілі. Сондықтан, Дүтбаевтың қамалуын тілейтіндер, қамалса, алақайлап қол шапалақтайтындар көптеп табылар. Әсіресе, генералдың кешегі қызметін еске алсақ...
«Respublika.kaz» Интернет сайтына домалақ хат жазған «оқырман» Н.Дүтбаев пен қазіргі ҰҚК төрағасы А.Шабдарбаев екеуінің арасының «нашар» болғанын тілге тиек етеді. Бір кезде Дүтбаев Шабдарбаевтың шешесінің үйін тінтіп, жиенін тұтқынға алған-мыс. Сол кекті қайтаруды Амангелді мырза қатты аңсап жүрген көрінеді. Енді мынаның кезегі келді дейді хат авторы.

Нартай Дүтбаев та Рахат Әлиевтің «қолындағы» Әлнұр Мұсаев тәрізді түрлі топтарға телініп, көптеген тұманды істердің басы-қасында болған һәм жүрген адам. Оның Мұхтар Әбләзовпен тығыз қатынаста болғанын біраз басылымдар әшкере еткені есте. Қазіргі байланыстары белгісіз. Бәлкім, Мұхтар Әбләзов ескі досын осылай шантаждап өз дегеніне көндіргісі келетін болар? Мүмкін, бүлікшіл банкирді бұғаулауға кріскен Ақордаға Дүтбаевтың маңызды ақпарат беріп қою қаупі бар ма екен?
Қалай болғанда да: «Жәкішев ісіне Дүтбаевтың қатысы жоқ, ол кезде «Қазатомпром» компаниясында Дүтбаев қызмет атқармаған» деп бұрынғы басшысын ақтаған ҰҚК дәйегі көбірек сенімді. Өйткені, қылмысқа қатысы бар болса да, Президентке ұнамай қалса да, Дүтбаев - Астана үшін үлкен жау. Саясаткерлердің өліміне қатысты анық жауапты білетін бір адам осы, Дүтбаев мырза. Ал, Әбләзовтың газеті таратқан ақпараттағыдай «МАЖРЕНОВ варианты» Дүтбаевқа жүре қоймас. ҰҚК басқарған адам режимге өзін жойғыздыртып және білетін компроматын тұншықтыртып тастап, қарап отыратын ақымақ емес болар. Сондықтан, Астана Дүтбаевпен тек қана саудаласуға мәжбүр. Оның қамалуын Әбләзов досы қанша армандаса да істің ақыры сымен тынуы ықтимал...
«Қазастан» апталығы. 11. 06. 09.