Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3616 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 04:33

Қырғызстан парламенті маусым айында болған оқиғаларды тергеу жөніндегі халықаралық комиссия төрағасына елге кіруге тиым салды

БІШКЕК. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бейсенбі күні Қырғызстан Жоғарғы кеңесі өз отырысында республиканың оңтүстігінде болған оқиғаларды тергеу жөніндегі халықаралық тәуелсіз комиссия төрағасы Киммо Кильюненге Қырғызстан аумағына кіруге тиым салатын қаулы қабылдады.

Жоғарғы кеңестің қаулысында халықаралық тәуелсіз комиссияның есебі Қырғызстаның ішкі заңнамасында да, халықаралық құқық жүйесінде де заңдық күші жоқ құжат деп мойындалды.

Онымен қоса, этникаралық шиеленісті тергеу жөніндегі есеп: «Шынайы емес, біржақты, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, жаңа шиеленісті ескертуге, Қырғыз Республикасының барлық тұрғындары үшін бейбіт болашақтың дамуына себепші бола алмайтын, керісінше өшпенділікті оятып,  Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздігіне жаңа қауіп төндіретін» құжат ретінде мойындалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1096
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 731