Қазақтанның ДСҰ-ға қосылуына қатысты АҚШ-тағы келіссөздер жақын арада аяқталады
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанованың Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөнінде келіссөздер өткізу мақсатында АҚШ-та өткізіп жатқан сапарының аясында 26 мамыр күні ҚР елшілігінде баспасөз мәслихаты болды,деп хабарлайды осы елдегі дипломатиялық ведомствоның баспасөз қызметі.
Жанар Айтжанова Ақ үйде, Мемлекеттік департаментте, АҚШ сауда өкілдерінің кеңсесінде және АҚШ конгресінде өткізілген кездесулердің негізгі қорытындыларына тоқталып өтті. Ол өткен жылдың күз мезгілінде Қазақстан нарығына тауар жеткізу бойынша АҚШ-пен арадағы екіжақты келіссөздердің аяқталғанын еске салды. Жалпы алғанда келіссөздер сындарлы рухта өтіп жатыр және жақын арада аяқталады деп жоспарлануда.
Ж.Айтжанова АҚШ Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып табылатынын және де Кеден одағы аясында 170 млн. адам нарығын құру американдық инвесторлардың ҚР-дағы қызметін кеңейтуге көмектесетінін атап өтті.
Қазақстан министрінің сапары "Voice of America", "Washington Trade Daily", "Washington Tariff &Trade Letter", "ИТАР-ТАСС" сияқты алдыңғы қатарлы БАҚ тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Оған ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздердің қазіргі жағдайы мен Қазақстандағы бизнес-климатқа қатысты қойылған көптеген сұрақ дәлел бола алады.
_