Көкшетауда құрылысы жүріп жатқан емханаға жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат жалған болып шықты
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Көкшетауда құрылысы жүріп жатқан емханаға жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат жалған болып шықты,деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, кеше облыстық ішкі істер департаментінің кезекшілік пультіне құрылысы жүріп жатқан емханаға жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түскен.
«Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ», - делінген хабарламада.
Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 18 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.