Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4111 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 05:56

Мұрат Саябаев. 86 жасында «халық жауы атанған» Иса қажы

Өткен ғасырдың  20- 30 жылдарында Мәскеуде И. Сталин, Қазақстанда Ф. Голощекин басқарған большевиктер қазақ халқына қарсы терор ұйымдастырды. Жергілікті үкімет тап күресі деген идеологияны ұранға айналдырып, малмен жан бағып отырған орта шаруаны «кулак» санатына кіргізіп, қолында барын  жаппай  тәркіледі. Қолдан ұйымдастырылған қызыл қырғын кезінде 4 миллионнан астам адам солақай саясаттың құрбаны болып, қырғынға ұшырады. Осындай сын сағатында большевиктердің асыра сілтеу   саясатына наразылық білдірген ұлт зиялылары, ел азаматтары  халық жауы атанып, жаппай қудалауға түсті.

Найманның Қаракерей тармағынан тарайтын  Семіз Найман руының Қырықмылтық (Алдияр) елінен шыққан Иса қажы Тілеуліұлы - 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының Егінсу ауылдық әкімшілігіне қарасты Қырықошақ деген жерінде дүниеге келген. Бай, ауқатты адам болып, бітімгер би болған.

1907 жылдың желтоқсан айында қажылық парызын өтеу үшін қасиетті Мекке-Мәдинаға аттанып, тура бір жылдан соң 1908 жылы қажылық сапардан аман-есен оралады. Ел ішінде өзінің қайырымдылығымен, әділеттілігімен кеңінен танылған.

Көзіқарақты, көкірегі ояу Иса қажы қызыл қырғынға ашық қарсылық білдірген адамдардың бірі болды. Сол кезеңде ел ішіндегі аштыққа шыдамаған көптеген адамдар арғы бетке Үржар арқылы  жаяу жалпылай көшті. Орта жолда жол азабына шыдамай аштықтан қырылып қалғандар да көп  болды. Тіпті үдере көшкен бейбіт  халықты қызылдар тоқтамыз деп шекара түбінде қырып та тастады. Арғы бетте де ешкім құшақ жая қарсы алған жоқ.

2006 жылы  90 жасқа келіп қайтыс болған қажының кенже  баласы Шалматай: «Сол кезде 14- 15 жастағы баламын. Жол бойы аштықтан  өлген адамның сүйегі. Жергілікті халық шамасы келгенше бетін жапқан болады. Талай адамның мәйіті  қарға-құзғынға жем болды. Осы нәубатты көрген ел азаматтары үкіметтің саясатына өз наразылықтарын ашық білдірді.  Сол топтың бел ортасында менің әкем де болды. Әкемнің қазақ үкіметіне көмек береміз деген сөзін талай естідім. Енді ойлап отырсам олар сол кезде Алашорда  үкіметіне қолдау көрсеткен екен ғой» -деп өткен қаралы күнді еске алып отыратын.

Белсенділердің қысымыннан  үлкен баласы Сыматай Қытай еліне өтіп кетеді. Иса қажының басына қауіп төнгенін білген  арғы бетті қоныстанған сұлу Иса қажы деген кісі арнайы адам жіберіп, «Аттасыма сәлем айт. Мыналардың түрі жаман. Жанымнан қоныс берейін. Көшіп келсін »,- дейді. Сексеннің сеңгіріне келіп отырған қажы: «Қартайған шағымда қайда барам. Не көрсемде халықпен бірге болам»- деп   өзіне  тілеулес болған азаматқа ризашылығын білдіріп, қоныс аударудан бас тартады.  Сол кездегі аумалы-төкпелі заманың жайын байқаған  Иса қажы көзі тірі кезінде өзіне арнап  зират тұрғызады. Өкінішке орай....

Иса қажының қилы тағдырын айқындайтын құжаттар ҚРҰҚК-ның Семей қаласындағы басқармасы мұрағатында сақталған.

1929 жылы белсенділер дүние-малын тәркілеп, сексен төрт   жастағы Иса қажыны Мақаншы түрмесіне қамап, 5 жылға сотайды. Бұл жолы бізге белгісіз себептермен мезгілінен бұрын  босап 1930 жылы тамыз айында елге оралады. Дегенменде, 1931 жылдың 12 қаңтарында Мақаншы НКВД-ның жедел тобы оны екінші рет  тұтқындап,  500 шақырым қашықтықтағы Үржардан Семейге әкеліп, түрмеге қамайды. 1931 жылдың  18 мамырында  «Контрреволюциялық жұмыс әрекет жасап, Кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізді» - деп сол кездегі аты шулы 58-4, 59-10, 68-10-шы статьялар бойынша «халық жауы» ретінде ОГПУ жанындағы  үштіктің үкімімен соттап,  республика аумағынан тысқары жерге жер аударады. Ол кезде Иса қажының жасы 86 жас еді. Қажының одан арғы тағдыры  беймәлім.

1989 жылы Семей облыстық прокуратурасының қортындысы бойынша қажы  саяси репресияның құрбаны деп танылады. Кейінен Қазақстан  Республикасының 14 сәуір 1993  жылғы «Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы» Заңының екінші тармағына  сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылып,  Иса қажы  толықтай ақталады. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін қажының сүйегі қайда жерленгені ұрпақтарына белгісіз.

Өткен ғасырдың 30 жылдарында қуғынға түскен қажы ұрпақтары Шығыс Түркістанға өтіп, онда Шәуешек қаласының жанындағы Демежанның қарағашы деген жерде ширек ғасырдан астам уақыт тұрған. Ол арада талай қиыншылықты басынан өткізген қажы ұрпағы  1955 жылы ағайынды Смағұл, Сыматайдың бастауымен Отанына қайта оралады.

Қазіргі кезде Иса қажының қарашаңырағының иесі  - қажының немересі Шәріпхан Шалматайұлы. Иса қажының Меккеден әкелген жайнамазы немере  келіні Айманның қолында сақталған. Ал, қажылықтан келген ақ кигізі Болатшы Райымжан қажының келіні болған қызы Бүбиләнің қолында деп еститінбіз. Ол кісінің дүниеден өткеніне 20 жылдан астам уақыт өтті..

Бүгінде Иса қажыдан тараған ұрпақ  30-дан  астам жанұядан тұратын бір үлкен  әулет. Сексенді алқымдаған Иса қажының келіні  Қайныш Досымбекқызы бүгінде әулет анасы болып, қажы ұрпағының ұйтқысы болып отыр.

2007 жылдың желтоқсан айында, яғни дәл бір ғасырдан кейін Иса қажының шөбересі,  Шығыс Қазақстан облыстық «Ислам нұры» газетінің бас редакторы Дәулет қажы  Тілеубердиев бабасының ізімен қажылық парызын өтеп қайтты. Ал қажы ұрпағынан тараған Дәлелхан Рамазанұлы Үржар ауданына танымал кәсіпкер, полиция подполковнигі Талғат Жұмашұлы Абай аудандық полиция бөлімінің бастығы, Қайрат Тілеубердин Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы  және басқа да ұрпақтары әр салада жемісті еңбек етуде.

Бұл бір адамның ғана  тағдыры. Қаншама қандастарымыз тоталитарлық жүйенің құрбаны болып кетті. Олардың есімін анықтап, ұрпақ жадында қалтыру бүгінгі аға толқынның басты міндеті. Және де  бұл нәубат халқымыздың тарихындағы орны толмас  ұлттық трагедия екендігін мәңгі ұмытпауымыз керек.

Мұрат Саябаев,

журналист

Үржар ауданы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338