Нұрлан Геройхан. Күйеу баланың кесірі
Мәскеуге емделуге аттанбақ болып тұрған жерінен Қазақтың қашқын күйеу баласы Храпуновтың атасы мен енесін: 81 жастағы Қалибек қария мен 72-ге келген Рәсила әжейді қаржы полициясының қырағы қызметкерлері Алматы әуежайынан бас салыпты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Сөйтіп, онсызда бас ауырып, балтыры сыздап жүрген шал мен кемпірді қаржы полициясы әуежайдың ішінде тергеуге алыпты. Екі сағатқа жуық қариялардан жауап алған соң, Мәскеуге ұшуға рұқсат етіпті. Мұның алдында Храпуновтың қайын атасы мен енесі Түркияға демалуға аттанбақ болып тұрған жерлерінен тағы да қаржы полициясы жолдарын кесіпті.
Лауазымды қызметтердің құлағын ұстап біраз жыл шенеунік болып, ақыры қайын жұртынан қапқа салған байлығын ұшаққа тиеп алып, жалғыз күнде орнын сипатып кеткен Виктор жездеміз қазір Швейцарияда тұрады. Жәй тұрмайды. Сол елдегі аса бай 300 адамның қатарына жататын «ақсүйек». Жиеніміз Ілияс нағашы елінен әкесінің мемлекеттік қызметтерде жүріп күреп тапқан ақшасының арқасында «Менің жағажайым» деген жобаны қолға алып, жаны қалмай жұмыс істеп жатқан көрінеді.
Қашқын күйеу барған жеріне тастай батып, судай сіңіп болған кезде біздің қаржы полициясы оның қап-қап қаржыны қайдан алғанын енді ғана естеріне түсіріп, тексеруге алған секілді.

Қаржы полициясының қыран көз қаршыға жігіттері жұртта қалған шал мен кемпірді торуылдап жүргені содан болса керек. Әйтпесе, күйеудің қай елде, не істеп жүргенін бұ күнде жалпақ жұрт тегіс біледі. Тек қаржы полициясының құлағына енді жетіп жатқаны болмаса...
Айтпақшы, Қалибек қария мен Рәсила әжейді не үшін жолдарынан қалдырып, тергеуге алғандарының мәнін қаржы полициясы ашып айтпапты.
Басқа жұрттың күйеулерін қайдам, біздің күйеулердің жүрген жеріне шөп шықпайтын болды, әйтеуір.
«Абай-ақпарат»