Қазаққа ислам дінін жеткізген қожалар емес
Ресейлік иезуйдтердің зымиян саясаты Түргеш қағанатындағы қазақ халқын «карлук» деп бұрмалап енгізген тарихқа. Араб әріптерінің жазылу ұқсастықтары оларға солай бұрмалауға мүмкіндік берді (арабша жазылуы: كزاق – казақ, كرلق – карлуқ). Осылайша 751 жылғы Талас (Атлах) шайқасында мұсылман араб әскерімен қосылып Син әскерін талқандаған қазақ емес, қарлуқтар болып шыға келді.
Қытай жазбаларында «карлук» деген сөз жоқ, орыстар қытай жазбасына «гэлолу» деп енген атауды «карлук» деп түсіндіруге мәжбүр болды. Шындығында, «гэлолу» – «Керейлер» деген атаудың қытайша бұрмалануы («р» дыбысы жоқ қытайлар «керейлер» деген сөзді «гэлолу» деуге мәжбүр болған). Гэлолу құрамындағы «молуо», «чисы», «ташили» деген рулар – керей тайпасының қазіргі молқы, шеруші, тарышы рулары. Сол гэлолу тайпасы мекендеген аймақта әлі күнге дейін қазақтың Керей тайпасы отыр. Ал Қарлуқ пен Қараханиды деген атаулармен еш ру немесе ел сақталмаған, олар із-түзсіз жоқ болды. Қайдан сақталсын, ондай атаумен тарихта еш ел немесе тайпа болмаса, ол атаулар қазақтың болғанын жасырумен айналысқан ресейліктердің қаламынан туған. Тараздағы Қарахан баба кесенесі Қараханидилердің болғанына дәлел емес. Өйткені, оның ХІХ ғасырда салынғаны белгілі, оны Қараханиди династиясының тарихта болғанын дәлелдеу үшін тұрғызған. Осындай себептен Тараз қаласын ХІХ ғасырда Әулие-Ата деп ататқызған.
Талас шайқасына қатысқан көшпелі түркілер қазақ халқы, оны жасыру үшін арап дерегіндегі «казақ» атауын «карлуқ» деп бұрмалаған және сол қазақ халқының мемлекетін Карлуқ қағанаты етіп тарихқа енгізген Ресей саясаты. Сол Қазақ мемлекеті ханының IX ғасырда Ислам дінін қабылдағанын көрсеткен арап дерегінде бұрмалаған, ондағы «Қазақхан» атауын «Қарахакан» деп орысшалаған және мемлекет атауын Қараханиды етіп тарихқа енгізгенде Ресей империясы.
Халқымыздың шынайы тарихынан сыр шертетін әрі Ресей идеологтары тарапынан бұрмаланбаған Ибн әл Асир жазба мұрасын мұхият зерделеп көрсек:
«В этом (750 г) поссорились ихшид Ферганы и царь Шаша. Ихшид попросил помощи у царя Сина, и дал ему подкрепление из 100 тысяч воинов, царя Шаша окружили, и он сдался на милость царя Сина, и тот не причинил зла ни ему, ни его приближенным. Известие об этом достигло Абу Муслима, и он выслал на войну с ними Зийада ибн Салиха. Они встретились на реке Тараза, и мусульмане победили их, перебили 50 тысяч и взяли в плен около 20 тысяч, остальные бежали в Син. Битва произошла в зулхиджжа в тридцать, третьем году (751 г)».
Шаш – қазіргі Ташкент қаласы, ал Тараз дегені – қазіргі Талас өзені. Шаш қаласын 750 жылы Син патшасы басып алғанын естіген халиф Әбу Муслима ол жаққа қосымша әскер жіберген. Яғни, Ташкент пен Тараз халқы VIІI ғасырдың басында мұсылман болған (халиф мұсылман жерін кәпірлерден қорғауға міндетті, сол себептен Ташкент пен Тараз аймағына қосыша әскер жіберген). Ол аймаққа Ислам дінін жеткізген арабтар сол маңға орнығып қалды. Өйткені, арабтардың барған жеріне орнығып, ислам дінін жаюды мақсат еткені белгілі. Өзге аймақтарда билеуші болып араб қолбасшылары сайланды, тек түркілер отырған аймақтарда олай болмаған. Өйткені, сонау Хунь империясы заманынан бастап, күні кешеге дейін түркілер әлемінде тек Асылұя династиясы ұрпағын ғана патша деп танитын дәстүр сақталып келді. Сондықтан мұсылман араб халифтері түркілердің патшалық дәстүрін бұзуға тырыспады, түркі патшаларының халифатқа тәуелді екенін мойындауы олар үшін жеткілікті болған (тіпті, түркі патшаларына мұсылман арап-парсы әлемі мойынұсынғанына Осман Халифаты тарихы куә). Ислам дініне шақыру үшін көшпелі қазақ халқымен араласқан арабтар көп ұзамай қазаққа сіңіп кетті. Бұдан көшпелі түркі (қазақ) тайпаларымен бірігіп Талас шайқасына қатысқан арабтар мен қожалар бір емес екенін ұғамыз.
Ибн әл Асир қожалар жайлы мынадай аса маңызды ақпарат береді: «И наступил год сто третий (722 г)... Явился двоюродный брат царя Ферганы к [Хараши] и сказал ему, что согдийцы в Ходженте. Сообщил ему об их положении и добавил: «Нагоняй их, пока не ушли в ущелье. Пока не выйдет срок, от нас им не будет помощи... Хараши окружил их и нацелил на них стенобитные машины. И поднялся воин из арабов и бревном стал ломиться в ворота Ходжента. И ворота отворились.... Сабит Кутна, вспоминая казнь знатных, говорит: «Порадовала душу казнь Карзанджа, Кашкира, участь Беяда. И Дивашти, а также участь Халанджа в Ходжентской цитадели, где они погибли и пропали.... И наступил год четыреста девяносто шестой (1103 год)... В этом году в Рее был убит Абу-л Музаффар ибн ал-Худжанди. Род Худжанди происходит из города Ходжента, расположенного в Мавераннахре. Они свое происхождение к Мухаллабу ибн Абу Суфра».
Осы деректен Әбу Музаффар деген имам-қожаның ХІІ ғасырдың басында қайтыс болғанын, қожа руы қазіргі Худжант қаласында қалыптасқанын, олар өз руының негізін қалаған Мухаллаб ибн Әбу Суфра деп түсінгенін көреміз. Мухаллаб ибн Әбу Суфра – VII ғасырдың соңы мен VIIІ ғасырдың басында өмір сүрген табиғин мұсылман, Иран аумағын 20 жыл билеген әл-Хаджжадж ибн Юсуф деген арабтың әскер басшысы болған. Тарихта осы екі адамның есімі қатар кездеседі. Әл-Хаджжадж ибн Юсуф Мекке қаласы маңындағы Тайфте дүниеге келген, есіміндегі ал-Хаджжадж атауының мағынасы – туған жері қажылық аймақ болуымен байланысты (мысалы, Бұхарадан шыққан ғалым «әл-Бұхари», Тараздан шыққан адам «әл-Тарази» деп аталды). Оның қол астындағы әскері де сол қажылық аймақтан шыққан араптар, олар да өздерін «хаджжадж» деп атағанды ұнатқан деу орынды. Әл-Хаджжадж ибн Юсуфтің Хорасан билеушісі етіп Мухаллаб ибн Әбу Суфранытағайындағаны мәлім (Иранның қазіргі Мешхед қаласы орналасқан аймағы). Оның әскері хаджжадж арабтарынан құралған және өзі 703 жылы қайтыс болған. Жоғарыдағы деректе 722 жылы Хараши бастаған арабтардың Ходжент қаласын қалай басып алғаны қамтылған. Осы Хараши қолбасшы әл-Хаджжадж әскерінде шыңдалған жауынгер деп көрсетіледі. Яғни, Ходжент қаласын басып алғандар Хаджжадж араптары болып табылады (Ибн әл Асир хаджжадж араптары Ходжент қаласын Ферғана ханының келісімімен жаулап алғанын көрсеткен, олар тек сол қаланы ғана жаулап алуға келісім алған). Олар жаулап алған қала әуелде Қоханд деп аталған деу орынды (тұрғындары көршілеріне қоқан-лоқы жасауға бейім, әрі билікке бағынудан бас тартқандықтан Ферғана ханы оларды хаджжадж араптары көмегімен жойғаны байқалады). Арабша «Ходженд» пен «Хоханд» өте ұқсас жазылады (خحند – хоханд, خجند – ходженд), осыны ескермеген орыс аудармашылары арабтар келгенге дейінгі оқиғаларда да қаланы Ходженд атауымен көрсете берген. Дұрысында, VIIІ ғасырда хаджжадж арабтары жаулап алып, иеленген қала – Хоханд, сол хаджжадж араптар кейін, ХІ ғасырда ходжа деген ру-ел болып қалыптасқанда қала «Ходжанд» деп аталып кеткен деу орынды. Ал қаласынан айрылған соғды-тәжіктер сол аймақта Хоханд атауымен өзге қала тұрғызған. Қазіргі Худжанд пен Хоханд қалалары көрші жатыр (арасы, шамамен 100 шақырымнан асады). Көп ұзамай Хараши қолбасшы халифтің ашуына ұшырап қаза тапқан. Сондықтан халиф хаджжадж арабтарын 751 жылғы Талас шайқасына тартпаған деп тұжырым жасағанымыз жөн. Өйткені, басқа деректе Талас шайқасына қатысқан араб әскері иемендіктер екені жазылған.
Олай болса, қожа руы Ходженд қаласына қоныстанған Хаджадж арабтарынан VIII-ХІ ғасырларда қалыптасқан (шамамен 250 жылда), Ибн әл Асирде олардың «отаны» Ходженд қаласы екенін көрсеткен. Олар ХІ ғасыр соңынан бастап осы қаладан өзге аймақтарға таралған (Закавказье мен Түркиядағы Ходжалы қалалары, Қарақалпақстандағы Ходжелі қаласы) деу орынды. Ибн әл Асир деректері Қараханиды делінетін мемлекетті түркілік әулет билегенін (арап емес), қазіргі қазақ даласындағы түркілер IX ғасырдан мұсылман екенін, олардың ең соңғылары (солтүстік батыстағылары) XI ғасыр басында мұсылмандыққа толық өткенін анық көрсетеді. Ибн әл Асир жазбасының орысшасында қазіргі қазақ даласын мекендеген халық «турк» деп көрсетіледі. Арапша жазылуында «қазак» пен «турк» сөздері өте ұқсас: قزك – қазак, ترك – турк. Соған қарағанда, арабша түпнұсқада халық атауы «қазак» болып жазылған. Қазақтың ертеден бар екенін жасыру үшін оны орысшаға «турк» деп аударған деу орынды. Демек, қазақ өз отанында ертеден бар, қазақ халқы Ислам дінін қожа атаулы ел қалыптаспай тұрған заманда қабылдап қойғанына Ибн әл Асир деректері куә.
Олай болса, VІII ғасырда Ташкент пен Тараз аймақтарына орныққан мұсылман арабтар қазақтар пен өзбектер құрамында болуы тиіс. Өзбектер – ру-тайпаларын әлдеқашан ұмытқан отырықшы халық, сондықтан қай өзбектің атасы арабтан тарайтынын анықтау мүмкін емес. Қазақтар – көне хунь-сақ заманынан бері ру-тайпа болып тәртіптелу дәстүрінен еш айнымаған халық. Қазақта Рамадан деген тайпа бар. Олардың басым бөлігі батыста – Кіші жүз құрамында болғанымен, едәуір бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде отыр. Олардың ата қонысы ертеде Ташкент аймағы болғанын дәлелдейтін деректер бар. «Рамадан» атауы таза араб сөзі екені анық, бұл тайпаның таңбасы дулат тайпасы таңбасымен бірдей. Осы деректер VIIІ ғасырда келген араб мұсылмандары дула (дулат) тайпасы қыздарына үйленіп, қазақ халқы құрамына «рамадан» атауымен жеке ру болып сіңгенін көрсетеді. Сол келген арабтар арасында Мұхаммед пайғамбармен (с.ғ.с.) рулас адамдар да болған. Оларды өзге мұсылмандар «сейд» (мырза) деп атағаны, тәжік еліндегілер әлі де «сейд» деп аталатыны және қожалар арасында да ең беделдісі сейд қожалар екені белгілі. Сол сейд арабтар рамадан тайпасында болса жеке ру атауымен сақталар еді. Демек, сейд арабтар өзге қазақ тайпасы құрамында қалған. Ошақты тайпасындағы сейіт руы сол құрметті мұсылман арабтардан қалыптасуы мүмкін. Өйткені, ол руда ата-бабасынан молдалықты, дін жолын ұстанып келген әулеттер көп кездеседі. Сонымен рамадан тайпасы мен сейіт руы VІII ғасырда Ташкент пен Тараз аймақтарына орныққан арабтардан бастау алған деп білеміз.
Ал қазіргі Қарақалпақстанға VIIІ ғасырда орныққан арабтар нөкіс руы болып қалыптасты және ондағы Нөкіс қаласы атауын солар орнықтырған. Кейін сол нөкіс руының Шымкент аймағына ығысқандары дулат тайпасы құрамына енді (олар арғы тектері арабтан екенін ұмытқан жоқ).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с), араптың арап еместен еш артықшылығы жоқ екенін, артықшылық тек иманының мықтылығымен байланысты екенін ескерткен. Біздің далаға Ислам дінін жеткізген арап мұсылмандары оны жақсы түсінген, сондықтан олар қазақ пен өзбекке дін таратып сіңісіп кетті. Ал өздерін «ақсүйек», өзгені «қара» деп тану, сол себептен қарамен құдаласудан бас тарту Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жолынан емес. Ондай дәстүр тәкәпарлықтың белгісі, ал тәкәппарға жұмақ харам делінген. Қожалар қазақ арасына тек XII ғасырдан кейін ғана ене бастағанын, олардың сопылық жолды алып келгенін тарихи деректер байқатады.
Олай болса қазақ халқына Ислам дінін жеткізген арап мұсылмандар әлдеқашан қазаққа сіңісіп кеткен. Қазақты асыл дінмен қауыштырған араптар мен қожа руының еш байланысы жоқ деу орынды.
(Жалғасы бар)
Бекжан Әденұлы
Abai.kz