Сенбі, 23 Қараша 2024
3475 4 пікір 4 Сәуір, 2019 сағат 09:31

АҚШ Конгресіне Ресейдің араласуын тежеу жөнінде заң жобасы енгізілді

Америкалық сенаторлар Крис Ван Холлен мен Марко Рубио Ресейге қатысты жаңа санкциялар жөнінде заң жобасын енгізді. Бұл жөнінде Демократиялық партия атынан сенатор Крис Ван Холленнің ресми сайтында жарияланды.

Жаңа шектеулер Құрама Штаттардағы сайлау кезінде шетелдіктердің араласуын тежеуге арналған. АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры сайлау өткенге дейін 60 күн ішінде шетелдіктердің кедергі келтіруінің деңгейі жөнінде есеп беруі тиіс.

Шектеулер банк секторларына да қатысты. Заң қабылданса, ресейлік Сбербанк, Банк ВТБ, Газпромбанк, Внешэкономбанк және Россельхозбанк жұмысына шектеу қойылады.

Заң жобасында қабылданғаннан кейін жарты жылдың ішінде және әрбір екі жыл сайын Ресей президенті Владимир Путин мен өзге де жоғары лауазымды шенеуніктердің активтері жөнінде ақпарат беріп отыру міндеттелген.

Ресейге қарсы алғашқы санкцияны 2014 жылы АҚШ, Еуроодақ және тағы басқа елдер енгізді. Олар Ресейдің Қырымды басып алуын және Украина шығысындағы кикілжіңге қатысын айыптайды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373