"Менің мемлекеттік тілде ақпарат, қызмет алу құқығымды бұзып тұрсыңдар..."
Жұмыстан үйіме келе жатқан едім, алдымнан "үш қаһарман" атып шықты. Бұл үштікті сырттай талай көрсек те, не істейтінін білмедім. Жандарынан өтіп бара жатыр едім, мені тоқтатты. Сөйтсем олар маған келе жатыр екен.
-"Бірбәлеев бірбәле" деп орысша таныстырып жатыр.
-Өу, тоқта, тоқта! Қазақша айт!-, дедім. Артынша қазақша сөйлеп кетті.
-Сіз жол ережесін бұздыңыз, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту арқылы. Жеке куәлігіңізді бола ма? - деді өз куәлігін көрсетіп тұрып.
- Міне, көріңіз. Тәк, жол ережесін бұзғанымды дәлелдейтін фото-видео түсірілім бар ма?
- Жоқ, біз солдатпыз. Рұқсат етілмеген.
-Түсінікті. Дәлел жоқ.
- Сіздің жолды кесіп өткеніңізді көрдік. Заң бойынша 5МРП айыппұл салынады. Міне!, - деп баптар жазылған кітапшаны алып шықты. Сөйтіп орысша оқып шықты.
- Тәк жігіттер! Орысша емес, мемлекеттік тілдегіні көрсетіңіз.
- Бізде тек орысшасы бар.
-Неге?
- Қазақстан көпұлтты мемлекет, бәрі орысша сөйлеген соң, ыыыыы...
- Біріншіден көпұлтты емес, көпэтносты. Екіншіден мен қазақша сөйлеп тұрмын, сенде. Конституцияда мемлекеттік тіл қалай деп жазылған?
- Ыыы, қазақ.
- Бопты. Қазақ! Қалғаны маңызды емес. Сондықтан жігіттер, менің уақытымды алмаңдар. Менің жолды кесіп өткен фото-видео түсіріліміңдерің жоқ.(негізі ережемен өткен едім, көздері нашар-ау деймін). Мемлекеттік тілде жазылған заң кітапшаларың жоқ. Сол арқылы менің мемлекеттік тілде ақпарат, қызмет алу құқығымды бұзып тұрсыңдар. Үшіншіден мемлекеттік тілдегі заң кітапшасын шығарып алыңдар ертеңнен бастап. Ал кеттім.
- Іііі, жақсы. Сау болыңыз.
- Аман болыңдар.
Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан
Abai.kz