Редакция: Домалақ арызға жауап
Соңғы кездері елдегі діни ахуалдың асқынғаны, осы төңіректегі әңгімелердің өршеленіп бара жатқаны баршаға айқын дүние. Бұл, әрине, жақсылықтың нышаны емес. Кез-келген пікірталас кешірімсіздік, төзімсіздік, көре алмау, өз пікіріңнен өзгені мойындамаумен аяқталады. Өкініштісі осы төзімсіздік өзін керемет «діндармын, Аллаға табынамын, Құдай жолында жүрмін» дегендерден шығуда. Діни мәселелерге қатысты мақалалардың астына сал-алуан пікірлер түсуде. Тіпті редакция қызметкерлеріне қыр көрсету, қорқытып-үркіту әрекеттері де жоқ емес. Бүгінгі күні белгілі бір діни бағытты ұстанып жүрген азаматтар бұл тіршілігін ашық та (телефон арқылы), астыртын да (комменттер жазу арқылы) жүргізіп жатыр. Қажет болса біздер ашық та, астыртын да әрекеттер жасап жатқандарды тауып, аттарын жариялай да аламыз. Бүгінгі технологияның асқақтап дамыған заманында бұның еш қиындығы жоқ екені де түсінікті зат емес пе?
Олары іске аспаған соң, сол азамттар болуы керек, бүгін Ақпарат және байланыс Министрі Асқар Жұмағалиевтің жеке блогына төмендегідей нөмірі 83294-ші «домалақ арызды» жүгіртіп жіберіпті. Рауан Армани деген біреу былай депті:
«Құрметті, Асқар мырза!
Соңғы уақытта қазақтілді сайттарда комментарийлер бақылаусыз кетіп барады. Кім ойына не келсе, соны жазады. Интернет туралы заң бойынша, ғаламтор иелері комментарийлерге модерация жасауы керек емес пе?

Соңғы уақытта қазақтың жақсы есімін алған Абай.kz мен Маса.kz нағыз былықтың ортасына айналып барады. Көре алмау, қызғаныш емес, шыны осы. Дау, шар, өсек, т.т бәрін осы порталдардан табасыз.
Келесі мәселе, Маса.kz http://masa.kz/article/view/id/1731 қарасаңыз, осындай суреттер беріп, рейтинг алғысы келіп жүр. Бұл таза масқаралық, министрлік тарапынан тыйым болуы тиіс деген ойдамын».
Асқар мырзаның жұмысы біздерсіз де асып жатқан болар, сондықтан шынынан өтірігі басым «арызға» өзіміз жауап бергенді жөн санап отырмыз.
Біріншіден, «абай.кз» порталы мен «маса.кз» сайттары қараусыз дамып жатқан ақпарат құралдары емес. Әрбір ресурстың өзінің жеке редакторлары, әкімгерлері бар. Олар, азаматтардың жеке құқығына, ар-намысына қайшы келетін кез-келген комменттерді алып, тазалап отырады. Діни тақырыптағы кез-келген мақалалар кішкене оқылғаннан соң «пікір алынып тасталды» деген сөздерге толып, қызара бөртіп шығатыны осының айқын дәлелі! Егер оқырмандар тарапынан «мына пікір артықтау екен, мыналарың өрескелдеу екен» деген пікір түсіп жатса, біздер оларды үнемі алып тастап отырамыз. Біздер де адам баласымыз, қаталесетін де болармыз. Бірақ, достық сынға, тіпті қатты сынға да түсінікпен қарай білеміз. Егер айтарыңыз болса, редакцияның поштасына не телефондарына хабарласыңыздар.
Екіншіден, біздің редакция ешбір діни, саяси топқа жатпайды. Өзімізді толығымен бейтарап ақпарат құралы деп санаймыз. Ойлайтынымыз қазақтың мүддесі, күйінетініміз - қазақтың халы. Бұны сайттарды тұрақты қарап жүрген көзі ашық әрбір азамат растай алады. Соңғы кездері әлдебіреулер бұлар «сопы екен», «биліктікі екен», «анау екен», «мынау екен» деген алып-қашпа сөздер құлағымызға жетіп жатыр. Барлығы да жалған! Біз өзіміздің тәуелсіз ойымызды ашық айтып жүрміз. Қазақтың мүддесіне қатысты бар деген кез-келген пікір-ойды жариялап келеміз, жариялай береміз де! Қазақ ұлты дұрыс бағытта дамуы үшін оның жақсылығын да, жамандығын да бірдей көрсетеміз. Мысалы, арыз иесі айтып отырған қазақ қыздарының жалаңаштануы туралы мақаланы алайық. Оны беріп отырған себебіміз: бұл қоғамда орын алып, жарнамаға айланып отырған жайт. Оны жұртшылық қызықтасын, тәнті болсын деп берген ештеңеміз жоқ. Осындай да қазақтар бар, осындай да бетсіздіктер орын алып жатыр, осыған не істей аламыз, қандай шаралар жасауға болады деген пікірталас жүргізу үшін салдық бұл мақаланы. Ал енді біреулер бұны көріп «тым қозып кеткен» болса, онда біздің не кінәміз бар? Бұндай әлсіз, әлжуаз психикасы бар азаматтар мүлдем қарамай қойса да ренішіміз жоқ, ағайын! Ең дұрыс жолы - сол! Құдайға шүкір, қазақ интернеті дамып келе жатыр, бізден басқа да сайттар жетерлік. Әркім өз таңдауын өзі жасай алады.
Бітті. Басқа айтарымыз жоқ!
«Абай-ақпарат»