Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2470 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 04:58

Қазақтың өнертану ғылымы қашан өрге басады?

Бір қалада қос ғылыми кеңестің құрылуы маман даярлаудан туған жанашырлық па, әлде құр бәсеке жарыс па?..

Өнертанудан кандидаттық диссертация қорғайтын ғылыми кеңес Білім және ғылым министрлігіне қарасты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында біраз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұны құру да оңай болмаған. Институт басшылары көрші Қырғызстан, Өзбекстан өнертанушы ғалымдарымен кездесіп, бірер ғылым докторларының кеңеске мүше болуына келісімін алған. Содан бері өнертанудың - театр, бейнелеу өнері, музыка салалары бойынша жұмыс істеп келе жатқан ғылыми кеңесте талай талапкерлер диссертацияларын қорғап шықты. Мұндағы ғылыми кеңес мүшелерінің дені - өзіміздің қазақстандық ғалымдар. 7 ғылым докторы, қалғандары ғылым кандидаттары. Ғылыми зерттеулерде көтерілетін ғылыми проблемалармен етене таныс және көбісі өздері тікелей араласып әрі айналысып жүргендер. Соған қарай қорғауға түскен диссертацияларға да талап күшті. Сондықтан болар, күні бүгінге дейін жоғары аттестациялық комитеттен ешқандай ескертпе алмаған. Әрі оппоненттікке сырттан бірлі-жарым ғана ғылым докторлары шақырылады. Бұл - да үлкен ұтыс. Себебі диссертация қорғауға Үкіметтен қаражат бөлінбейді, бәрі де қорғаушының есебінен.

Сонымен, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы ғылыми деңгейі биік, қорғаушыларға қаражат шығыны да жеңілдеу диссертациялық кеңес жұмыс істеп тұрғанда екінші біреуін ашу қандай қажеттіліктен туғаны түсініксіз болып тұр. Бізге емес әрине, жоғарыда айтылған ғылыми кеңес мүшелеріне. Олардың айтуынша, мұнда ғылыми атақ қорғаушылар кезек күтіп, жұмысы жатып қалған жағдай болған емес. Кеңеске келіп түскен жұмыстардың бәрі де дер кезінде сараптамадан өтіп, қорғауға ұсынылып жатады. Қалай десек те, бір қалаға бір ғылыми кеңес жетіп жатыр. Оның үстіне өнертану - жаппай айналысатын ғылым емес.

М.Әуезов атындағы институттың ғылыми кеңесінен білгеніміздей, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының кандидаттық диссертация қорғау кеңесінде қорғалатын дайын тұрған жұмыс та жоқ көрінеді. Сондықтан болар М.Әуезов атындағы институттың ғылыми кеңесінің талқысынан өтіп, кем-кетіктерін жөндегеннен кейін ұсынылатын жұмысты бірден қорғауға қабылдаған. "Бұл не сонда, бәсеке ме, онсыз да ғылыми атаққа ұмтылушылар аздай-ақ бір Алматыда бір ғылыми кеңестің тағы біреуін ашудан жоғары аттестациялық комитет не ұтты?" дейді олар. Оның үстіне Т.Жүргенов атындағы академиядағы кеңес мүшелігінде сонда ұстаздық қызметпен айналысатын бірде-бір өнертанушы ғалым жоқ көрінеді. Осыған сайсақ, кеңесті жалғыз ғана музыкадан ғылым докторы Әсия Мұхамбетованың амбициясы үшін ашқан болып шығады. Оның үстіне ол кісі қазақша білмейді, ұлт тілінде жазылған ғылыми жұмысты кеңес төрағасының өзі оқымағасын не болады? Ол ол ма, сырттан шақырылып, ғылыми кеңеске мүше еткен 6 ғылым докторының бірде-біреуі қазақша жазылған ғылыми жұмыстарды оқып, пікір айта алмайтындар. Сонда бұлар қалай ғылыми сараптама жасамақшы. Диссертациялық кеңес құрамындағы ғылым докторының екеуі Өзбекстаннан, біреуі Қырғыз елінен, біреуі Санкт-Петербургтен, біреуі Минскіден екен. Олардың келіп-қайту жол шығынын кім көтереді? Бұлардың бәрінің кеңес мәжілісіне қатысуы, шығыны қорғаушылардың (соискатель) мойнына түспей ме? Олар қазақ елінің өнері жайындағы еңбектерге шынайы ғылыми сараптама жасайды деудің қисыны бар ма?

Көрнекті ғалым, майталман профессор Бағыбек Құндақбаевтың айтуынша, "Жоғары аттестациялық комиссия бұрын Министрлер кабинетінің жанында болатын. Енді Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болғандықтан, қорғау да, ғылыми атақ алушылар да көбейіп кетті, көбісінің ғылымға қатысы шамалы. Ал мына жаңадан құрылған кеңес тек бір тілде - орыс тілінде ғана сөйлеп, диссертация орысша ғана қорғалады.

Ендеше, бұрыннан тұрақты жұмыс істеп келе жатқан кеңесті әлі де болса ғылым докторларымен толықтырып, докторлық диссертация қорғайтын статусқа көтерген әлдеқайда пайдалы емес пе?
Қазақстанда мұндай кеңес жоқ. Бұл туралы ғылымға жауап беретін жоғары лауазымды мекеме қалай ойлайды екен".

Әшірбек СЫҒАЙ, театр сыншысы:

- Қазақтың өнертану ғылымы дамысын десек, қос ғылыми кеңесті көпсінуге болмайды. Жалпы түрде өнертану ғылымы деп аталынғанмен, ол өз ішінде бейнелеу өнері, музыкатану, театртану деген бірнеше мамандыққа бөлінеді. Мәселен, көршілес Өзбекстанда жаңылмасам он шақты театртанушы доктор бар, бізде әлі күнге біреу ғана. Ғылыми мамандар жетіспейді. Біз бұл жағынан ғылыми кеңесті бір адамның монополиясына беріп, қолдан тежеп отырған сияқтымыз. Оның үстіне өнертануға қатысты ғылыми жұмыстар ақсап жатыр. Кейде оппонент ретінде маған сол қорғалатын ғылыми жұмыстарды оқытады, оқып отырып қарным ашады. Мен жалпы, сынның ғылымиланғанына қарсы адаммын. Сын көркем шығарма сияқты оқылу керек. Әйтпесе ғылыми еңбекті атақ қорғау үшін ғана жазып, оны кітапханаға тығып қойғаннан келіп-кететін пайда бар ма? Ал Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ғылыми кеңестің ашылуы бұрынғы таптаурын сүрлеумен тарта бермей, жаңаша жол іздеуден, өнертану ғылымының тынысын кеңейтуден туып отыр. Мұнда талаптанушылар өнер тарихынан, бейнелеу өнері мен музыкадан, соған қоса өнер философиясынан, өнер тарихынан қорғап шығатын болады. Яғни аясы тар емес, тынысы кең. Мейлі, оппоненттерді АҚШ-тан шақырсын. Ең бастысы, ғылымның сапасын түсірмеу, өнердің бағасын кетірмеу. Жаңа ғана ашылып жатыр. Сондықтан бесігінде буындырмай, бұл ғылыми кеңеске мүмкіндік беру керек. Мүмкін М.Әуезов атындағы институттың ғылыми кеңесінен гөрі қайраттырақ, жігерлірек болатын шығар. Қайсысы озса, сол ғылыми кеңес жетекші орынға шығады...

Төреғали ТӘШЕНОВ

«Айқын» газеті 16 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5623