Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3871 3 пікір 9 Сәуір, 2019 сағат 10:22

Тіліміз өз тұғырына қонуы үшін - жер-жерде қазақша қызмет көрсетуді талап ету керек!

Кезіндегі «қазақ басшы басқарсын!» деген талаптың бүгін маңызы жойылғандай.

Руға, жерге бөлініп, ағайын-туыс, достығын алға тартып билікке келіп алған қазақ көп, бірақ одан ұлттық руһ өскен жоқ.

Керісінше өз қазағың өзіңді өзекке теуіп, өзгеден бетер қатыгездік көрсетуде. Себебі қай салада болсын билікке жеткендердің дені ана тілін менсінбейтін, керек десеңіз жек көретіндер. Қазақ бола тұра, отбасы мен ортасында, жұмысында қазақша сөйлемейтін, тілге қарсылығын түрлі әрекетімен білдіретін адамды, басшыны басқа қалай бағалауға болады?

Елдегі өзгерістерді бәріміз көріп-біліп отырмыз. Шешілмеген мәселе шаш етектен. Соның бірі қазақ тілінің жайы. Мемлекеттік тіліміздің өз тұғырына қонуын, жер-жерде қазақша қызмет көрсетуін талап ете беруіміз керек.

Әр саланы қазақ тілін жетік білетін мамандардың басқарғаны игі. Бұл жағдай да билік пен қоғам тарапынан жіті қадағалануы тиіс.

Мәди Манатбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440