«Алма» отбасылық демалыс фесстивалі балаларды қуанышқа бөледі
АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 4-5 маусым күндері Алматыда «JUNEX» балалар тауарлары мен оларға арналған қызмет түрлерінің көрме-жәрмеңесі және «Алма» отбасылық демалыс фесстивалі өтті.
1200-ден астам алматылықтар мен қала қонақтары қатысқан бұл шара 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды.
Мерекелік шараны ұйымдастырған - қазақстандық жетекші компания - «Expo.kz» ЖШС. Ал жобаның басты әріптесі ретінде «Ритц-Палас» сауда-ойын-сауық кешені демеушілік көрсетті.
«JUNEX 2011» балаларға арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің көрме-жәрмеңкесі Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Шараның бірегейлігі сол: алғашқы рет балаларға арналған тауарлар мен қызмет түрлері бір алаңға шығарылды. Ата-аналар уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізе отырып, өз балаларына ең жақсы әрі экологиялық қауіпсіз тауарлар алуға мүмкіндік алды.
Аталған көрмеге Қазақстанның, Ресейдің және Еуропаның тауарларын ұсынған 16 компания қатысты. Атап айтқанда: Desiderio furniture club, Bio-butik Telli, APS Investment, "Karapuz" ЖШС, Baby-in-Car.kz, «Тайминг» ЖШС, Detskij mir «Ерке» және т.б. сияқты беделді компаниялар болды.

Көрме «Тазалық пен косметика», «Киім, аяқ киім және аксессуарлар», «Жиһаз және интерьер жабдықтары», «Ойындар мен ойыншықтар, олардың ішінде - оқытатын ойындар», «Балалар қауіпсіздігі», «Тамақ» секциялары бойынша өтті.
Бұдан басқа, «JUNEX» көрмесінің аясында жақсы дәстүрге айналған шара - «Алма» 7-ші отбасылық демалыс фестивалі өткізілді. Бұл жоба жыл сайын Алматыда ұйымдастырылады. «Алма» аясында бүлдіршіндер шебер сыныптарға қатысып, суретші, фотограф немесе атақты әнші, бишіні сомдап, саяхатқа шығу ережелері мен бағбандықтың егжей-тегжейімен таныса алды.
Ал сатылған билеттерден түскен қаржының негізгі бөлігі Алматы қаласындағы Балалар үйлерінің бірінің есепшотына аударылды.