Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5348 54 пікір 16 Сәуір, 2019 сағат 14:21

"НұрОтан" президенттікке Тоқаевтың кандидаттығын ұсынуы ғажап емес

Кейде асығыс бір мәмілелер болып жатыр ма деп ойланып қаласың. Президент Қасымжомарт Тоқаев өз міндетін атқару кезеңіндегі аз уақытта екінші елдің президентімен ресми кездесу жасап отыр.

Жақын арада Тоқаев сайлауға дейін тағы да осындай үш, төрт кездесу жасауы мүмкін. Себебі, ТМД ның, посткеңестік елдердің басшыларымен Қазақтың ертеңгі президенті ретінде тіл табысып, іскерлік-дипломатиялық қарым-қатынас жасап, өз статусын орнатқандай із қалдырады.

НұрОтан партиясы бұл жолы Тоқаевтың президенттікке кандидаттығын ұсынуы ғажап емес. Себебі сыртқы саяси байланыстар соны айғақтап тұр. Бірақ Тоқаев басты рөлдегі адам болмаса да, нақты әрекеттерімен көзге түсуде. Кешегі Маңғыстаудағы жемқорлық жайында қадап сөйлегені бұл жүйенің процесінде айтылатын сөз емес. Бұл да рөлді бұрып отырған адамның халықты саяси баурау технологиясы екенін көрсетеді.

Тоқаев НұрОтан мен жүйенің сайлауға дейін де, сайлаудан кейін де статусын арттыру мақсатында шебер қолданатын саяси ойыншысы болып қалмақ. Сол аралықта көптеген саяси ойындар сахнада ойнатылады. Жақсы қырынан əбден көзге түседі. Біраз жақсылық жасалады. Себебі жүйеге елдің көзқарасы пен принципін дұрыстап, əупірімдеп ұстап тұруы керек.

Өз еркімен қандай да бір өзгеріс жасауға көшпесе, ертең оны қандай да бір себептермен өкілеттілігін тоқтатады да, елдің жайбарақаттылығы мен эмоциясына қарап, өзінікін қонжитады. Бірақ ол қаншалықты іске аса қояр екен... Уақыттың еншісінде тұр.

Дəл қазіргі президенттің əрекеті оның сайлауға түсуін, алдағы уақыттарда да ел президенті болатынын ымдап көрсетіп отыр. Жалпы қазақтың тағдыры, қуатты ұлттық мемлекетке айналуы қазақтың ғана қолында қалды. Басқа ешкімнің қолында тұрған жоқ. Тек дұрыс көшбасшысына тізгін ұстатуы керек.

Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан

Abai.kz

54 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483